Қасыл Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназияның 10 «Б» сынып оқушы Әбіл Ақеркеге Пікір 10 «Б» сынып оқушысы Әбіл Ақерке өз ісіне жауапты қарайтын, жылдам әрекет ететін оқушылардың бірі. Үлгерімі өте жақсы. Оқу үздігі. 2021-2022 жылғы оқу жылында «Мектеп Президенті» болып сайланып, барлық қоғамдық іс-шараларда белсене қатыса білді.
Қандай сабақ болмасын әрдайым дайындықпен келеді. Білмегенін білгенше асығады. Мұғалімдердің айтуынша, тапсырмаларды ең алғаш болып орындауға тырысады. Сабақтан қалмайды. Ақерке өте ақкөңіл, ашық-жарқын, әрдайым көңілді жүреді. Сыныптастары мен достарына қолынан келгенше көмектеседі.
Мұғалімнің айтқандарын екі етпей орындайды. Өте белсенді. Ақерке болашақта үлкен белестерден көрінеді деп сенемін, себебі ол өз алдына анық мақсат қоя біледі.
Барлық іс-шаралардың басы-қасында жүреді. Тағы бір ерекшелігі, ақындық қабілеті бар. Аудандық, қалалық, республикалық байқаулардың жүлдегері. Өзіне тапсырылған тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қарайды.
Мектеп директоры: М.С. Тайкенов