Асылбекова Бота Казбековна аға оқытушы (Т. А. Ә., лауазымы) М. О. (қолы) Бағалау Әр студент өзінің тұған өлкесі жайында қысқаша мазмұндама


Кез келген объект (ауа, су, топырақ және қалдықтар) экологиялық проблемаларға қатысты олардың шешу жолдарының басты мақсаты



бет4/6
Дата17.02.2022
өлшемі388,57 Kb.
#25820
түріҚысқаша мазмұндама
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Камила отчет

5.Кез келген объект (ауа, су, топырақ және қалдықтар) экологиялық проблемаларға қатысты олардың шешу жолдарының басты мақсаты

Жоғарда аталған Алматы қаласының негізгі экологиялық мәселесін талдай отырып осы мәселені шешуге келесі жолдары ұсынылды:




  • Автокөлік және жол жүру ережелерін халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп, қала ішінде адами факторларды жоя отырып, электрондық камералардың санын көбейту; жол ережелерін бұзушыларға қатысты заң талаптарын күшейту және жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру үшін айыппұлды көбейту шараларын қолдану;

  • Райымбек даңғылы бойымен жүретін қоғамдық көліктер үшін Момышұлы, Ақкент тұрғын үй кешенінің жанында, «Алтын орда» базарының жанындағы аялдамаларды үлкен жолдан тысқары жерге көшірсе;

  • осы аралықта жаяу жүргіншілер өтуге арналған жол үстінен Алтын орданың жанындағыдай аспалы көпір салынса; әсіресе «Ақ кент» тұрғын кешенінің жанында, бұл жер өтуге өте қиын аймақ.

  • Алматы қаласы республикалық деңгейдегі қала деп танылғандықтан, әлемнің дамыған басқа қалаларындағыдай көліктер қозғалысына арнайы уақыт белгілесе;

  • мысалы, ертеңгі қозғалыстың жоғары интенсивті уақытында (сағат 07.00 ден 09.00 дейін) қалаға, «Алтын ордаға дейін» қала аралық автобустардың, үлкен жүк көліктерінің кіруіне тиым салынса;

  • сол сияқты кешкі уақытта да қаладан шығуға;

  • үлкен жолға жақын салынған сауда орындарының заңдылығы тексерілсе;

  • Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мәдениетті көтеру (жол көлік жағдайлары, апаттарға байланысты ақпараттарды көптеп тарат );

  • әрбір жаяу жүргінші мен жүргізушінің жол ережесін нақты, дұрыс білуі шарт ол үшін көлік жүргізу мектептерінің қызметін қатаң қадағалау;

  • Қазақстанда жүргізушілерді оқытуға немқұрайлы қараған автомектептерді жауапкершілікке тарту;

  • жол ережесін бұзушы қарапайым талаптарды білмесе немесе тиісті білім алмаса, жүргізуші оқыған автомектептің лицензиясынан айырып, қызметін тоқтату;

  • Машиналардың сапасына талапты күшейтіп, олардың 20-30% жүруге тыйым салу керек.

  • Барлық жеңіл, жүк және қоғамдық автокөліктерді газға көшіру. Ол үшін қаланың іші мен сыртындағы жанармай құю бекеттерін жауып, олардың орнына газ құю бекеттерін орнату қажет. Газды пайдалану өте тиімді, себебі одан ауа ластанбайды және қолдану өте арзанға түседі.

  • Алматыда негізінен метро, троллейбус пен трамвайды кеңінен пайдаланған тиімді. Қа-лада салынып бітпей жатқан метро келешекте жұмыс істейтін болса, онда Алматыдағы көліктердің жұмыстары айтарлықтай жақсаратын болар еді.

2 миллион халқы бар Алматы ауасы бұлайша ластанып жатқанда, 20 миллион халқы бар ірі қалалар қандай күй кешуде дейтіндерде табылады арамыздан. Жоқ, ластану көрсеткіші жағынан қаламыз 20 миллионнан астам тұрғыны бар Мехико, 17 миллиондай халық өмір сүретін Тегеран мен Шанхай, 10-15 миллионның аралығында халқы бар Нью-Йорк, Лондон, Ыстамбұл, Токио мен Мәскеу сияқты қалалардың алдында тұр. Олардың қасында аядай Алматының экологиясын жақсарта алмай жүргеніміз ұят. Бірақ осы бағытта істеп жатқан жұмыстарымыз да шамалы. Әлемдегі ірі қалалардың тәжірибесін өзімізге үлгі етуімізге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет