Асылбекова Бота Казбековна аға оқытушы (Т. А. Ә., лауазымы) М. О. (қолы) Бағалау Әр студент өзінің тұған өлкесі жайында қысқаша мазмұндама



бет6/6
Дата17.02.2022
өлшемі388,57 Kb.
#25820
түріҚысқаша мазмұндама
1   2   3   4   5   6
Қорытынды тұжырымдама

Қорытындай келе, Алматы— Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматыда 1 897 143 адам тұрады (2019). Алматының ЖІӨ 2010 жылы 18.8 млрд АҚШ долларын, ал жан басына шаққанда 19 мың АҚШ долларын құрап Қазақстанның ЖІӨ бестен бір бөлігін өндіреді.

Ал климатына тоқталатын болсақ, климаттық жағдайы — желсіз тымық ауа-райы және ауа қабаттарының тау аңғарлары арқылы төмен қарай ығысумен ерекшеленеді. Ең ыстық айлар — Шілде мен Тамыз. Ең суық ай — Қаңтар. Орташа жылдық температурасы шамамен 10 °С кұрайды, қаңтардың орташа температурасы шамамен - 4.7 °С, ал шілдеде +23.8 С°. Аяз қараша айында басталып, сәуірде аяқталады. Қатты аяз 67 күн болады — желтоқсаның 19-і басталып, ақпанның 23-і аяқталады. Ыстық күндер температурасы 30 С° дейін — 36 күн болады. Жылы мезгілде шамамен 600-650 мм жауын-шашын жауады.

Жоғарыда экологияны атап өткендей. Осы Алматы қаласының экологиясына тұжырымдама. Мәселен, 90 – жылдардың ортасында Шанхайдың ортасынан ағып жатқан Сучжоу өзені «елі» өзенге айналып, Шанхайлықтар өзенді «Шанхайдың соры» деп атаған болатын. Қалалықтар қоршаған ортаны күн сайын 10 мың тонналық қоқысқа көмсе, 700-ге тарта өндірістік кәсіпорынның қалдықтары Шанхайдың экологиясын нашарлатып-ақ жіберген. Шанхайлықтар, Шанхайды әлемдегі ең таза қалалардың біріне айналдыруды мақсат етіп, дереу көгалдандыруға кіріскен. Жасыл – желек қала аумағының 35 пайызын құраған. Демек, 17 миллион қала тұрғынының әрбіріне 9,2 шаршы метрлік көгалдандырылған алаңқай тиеді деген сөз. Қаланың экологиялық ахуалын жақсарту мақсатындағы шараларға бірнеше миллиард доллар бөлінген. Такси мен автобустарды жанар жағармайдан газға көшірген. Қоршаған ортаға зиянын тигізген кәсіпорын болсын, адам болсын, оларға қала басшылығының үкімі ауыр, қомақты айып салады, тіптен қала көшесінде түкіруге тиым салған. Міне, осы іс-шарадан соң Шанхай қытайдың ең таза қаласы деп танылып, Қытай үкіметі «Экологиялық – жасыл бақша» – деп тауып, арнайы марапаттаған. Міне, осыдан неге үлгі алмасқа? Үкімет тарапынан арнайы қолдау көрсетіліп, Экологиялық таза қалаларымызды дәріптеп, мадақтап отырса, әрине, қалаларымыз экологиясын тазартуға ұмтылып, араларында бәсекелестік туатын еді.



Сондықтан барлығын қазірден бастап қолға алмасақ ертең кеш болады. «Таза ауа – жанға дауа». Ендеше, туған қаламыз тек қана экологиялық таза тұғырдан көрінсін десек бәріміз бірге ат салысайық!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет