Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті СӨЖ
Тақырыбы: «Отбасының қызметтері»
Орындаған: Асильбек Қ. Тобы: ИП-21-8к Қабылдаған: Тукеева С.
Шымкент 2023 Отбасының қызметтері Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Отбасы қызметі.
Отбасы қызметінің өзгеруі.
Баламен қарым-қатынас.
Қорытынды
Отбасы қызметі — құрылымдық ұйымдастыру және дамумен тығыз байланысты. Отбасы тәртіп ережесі сыртқы орта және отбасы мүшелерінің өзара қарым – қатынас сипатына да әсер етеді.
Отбасының аса маңыздылығы оның қоғам алдында екі негізгі атқаратын кызметінен көрінеді. Біріншіден, отбасы — ол адамдардың ерекше тобы, өйткені оның құрамы сырттан келетін адамдар санымен немесе сырттан келетін адамдар санының өсуімен байланысты емес, ол өз ішінде туатын балалар санымен көбейіп, өсіп отырады. Бұл топ (яғни, отбасы) қоғамның биологиялық жағынан үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, адамдардың санын көбейтіп, өсіріп отырады. Отбасының екінші негізгі атқаратын қызметі — ол қажетті мәдени мұратын қоғамдағы өзінен жоғары үлкен бірліктер арқылы бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып отырады.
Американ әлеуметтанушысы Хиллдің көзқарасына сәйкес, қандай да бір отбасы болмасын, оның төмендегідей жалпы белгілері болады:
Отбасы мүшелері әр уақытта бір-біріне өзара тәуелді болып келеді, соған сәйкес отбасының бір мүшесінің мінез-құлқы өзгерсе, ол басқалардың да мінездерінің өзгеруіне әкеледі.
Қандай да бір отбасы болмасын, ол біртұтас және жеке болады, оның басқалармен байланысы белгілі бір дәрежеде шектеулі болады;
Отбасы – бейімделуші ұйым, ол өзін қоршаған әлеуметтік ортада тепе-теңдікті сақтауға тырысады.
Отбасы қызметі негізі екі тұрғыда қарастырылады:
әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелері қызметіндегі өзекті міндеттер.
Отбасында көрініс алатын мінез – құлық феномені және процестері.
Әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелерінің басты қызметтері: сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы мүшелерінің бір – біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз етуі, балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және дене жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын құру, бір – бірімен тығыз эмоционалды байланысынта болуына қолдау жасау, сондай-ақ өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау.
Біздің қоғамда отбасы қызметі соңғы 100 жылдықта қатты өзгерді. Бір кездері экономикалық қызмет ең негізгі болып қаралып, отбасы мүшелерінің дене жағынан дамуы, сау қалу жақтары қарастырылды. Өндірістік төңкерістің арқасында, технология дамып және экономикалық қызметте әлеуметтік қорғау жүйесі өз маңыздылығын жоя бастады, ал уақыт талабына сай әлеуметтік – психологиялық қызмет өз рөлін айтарлықтай көтерді. Қазіргі уақытта көптеген отбасылар экономикалық тұрғыдан күн көрісіне қарағанда, бір – біріне психологиялық қолдау көрсетуді өздерінің негізгі міндеттері деп санайды.
Баланың ата – ана және құрбыларымен қарым – қатынаста болуы әлеуметпен кездесуге дайындық болып табылады. Осылайша, отбасы оларға белгілі бір әлеуметтік мінез – құлық үлгісін құрап, әлеуметтік өзара қимыл тәсілдеріне үйретеді. Қазіргі кезде баланың әлеуметтенуі оның құрбы – құрдастарымен қарым – қатынасы және мектеп, қоршаған орта туралы түсінігі басты рөлге ие екендігі мойындалып отыр. Қалай десек те, қоршаған ортада болып жатқан жағдайларды бала бағалай отырып, бәрінен бұрын өзінің ең жақын туыстарының тәжірибесіне сүйенеді. Осылайша, баланың отбасында маңызды мөлшерде меңгерген іс — әрекет үлгілері, оның келесі бір әлеуметтік тәжірибесін айқындайды.
Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де, мәртебелі адам – оның ата – анасы.
Ал, ең әдемі де жарық үй – оның туылған үйі. Осы тұста қазақ зиялыларының бірі М. Жұмабаевтың мынадай бір айтқан сөзімен қорытындыласақ: «Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек, олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн».