Қасым а м а н ж о л о в поэзияның өзге жанрлардан бір өзгешелігі онда



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата01.01.2017
өлшемі441,33 Kb.
#927
1   2   3   4   5

219 

кен ақын екенін танытады. Оған арналған өлеңдерді 

жинаса, сүбелі кітап болар еді. Ол туралы жазылған ма-

қалалар, монографиялар, зерттеулер, дипломдық жұмыс-

тар қаншама! 

Қасым өзінің бір өлеңінде: «Сен нендей бақыттысың, 

келер  ұрпақ!» - деген. Үмітшіл жас буынның оған деген 

ықыласы да растайды. Бұл күнде жас ақындар оның 

өлеңдерін жатқа айтады. Оның өлеңіне жазылған «Жас 

дәурен» әнін шырқайды. Оның өз әні  « Д а р и ғ а » - с ұ қ б а т 

атаулының сәні. Осы орайда оның «Туған жер, «Өлсем 

орным  қара жер» секілді төл әндерінің кезінде жазылын 

алынбағаны өкініш екенін айта кетуге тура келеді. 

Бұл күнде  Қ. Аманжолов - күллі Одақ көлеміне та-

нымал. Оның 1958 жылы Москвада шыққан жинағына 

биыл жаңа жинақ  қосылмақшы. 

Сонымен,  Қасым Аманжоловтың әдеби мұрасы за-

мандас ретінде бізбен бірге жасап келеді. Келешекте 

және жасай бермек. «Барым да, бақытым да осы өлеңім» 

деп ақынның өзі айтқандай, оның баянды бақыты да осы! 

Естелік - әдебиеттің дербес бір тарауы. Ол — тарихи 

шындықтың  қаз-қалпында сақталуымен  қымбат. Маған, 

мәселен, Абай хақындағы естеліктер өте-мөте күшті әсер 

етеді. Сол сияқты Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров 

туралы ауызекі куәлік мен үшін  құнды. Бұларда әдеби 

әдіптеу, әрлеу жоқ, сорғалаған шындық бар.  Қасым 

Аманжолов жайынан естелік жазғанда мен осы жәйттер-

ді есте тұтамын. Әлбетте, жазушы естеліктің өзінде де өз 

стилін, өз мәнерін, өз концепциясын танытпай тұра ал-

майды. Бірақ бұның бәрі өткендегі фактыны, шындықты 

сүйемелдеп жеткізуге  қызмет етеді. Мәселен, Ғабит Мү-

среповтің Бейімбет Майлин туралы естелігі осы жүйеге 

жатады. 


Бесенеден белгілі жәйтті айтуда бір себеп бар.  Қа-

сым Аманжолов жөнінен естелік жазғандар, жазып 

жүргендер аз емес. Оларды  қайталасаң, сөздің дәмі ке-

теді. Ал, дәмсіз сөз оқушыға обал.  Қайталамаудың, ме-

ніңше, үш түрлі тәсілі бар. Бірінші, тың дерек ашу. Екін-

ші, өзгелер келтірген деректерге басқа бір  қырынан келу. 

Үшінші, жазушы ретінде өз әсеріңді  қосарлау. 

Енді тақырыптың өзіне келсек, менің  Қасымнан ал-

ған әсерім тіптен көп. Онымен кездескен, бірге өткізген 

кезеңді тізсем таусылмайды. Сондықтан басты-бастысын 



220 

және  Қасымның, кісілігін, мінезін, ақындық ерекшелігі 

ашатынын келтіруді жөн көремін. Осы себепті де бірын-

ғай хронологияға бармай, мезгілді сапырылыстыра сөй-

леймін. 


Қасым Аманжоловты мен алғаш рет 1948 жылдың 

басында көрдім. Жаңа Жылды поезда  қарсы алып, Ал-

матыға келген бетімде Жазушылар одағына бардым. Таң-

ертеңгі мезгіл еді. Жеңіл машинадан түсіп жатқан Сәбит 

Мұқановты айтпай таныдым. Үстімде шинель,  қолтығым-

да папка бар еді. Сәбит те айтпай түсінді. Кабинетіне 

ертіп кірді. Мен Мәскеуге барып, әдебиет институтына 

түсе алмай  қайтқанымды, оның себебін баян еттім. Ал-

матыға тұңғыш жинақ әкелгенімді айтқанда, Сәбит: 

«Өзің Толстой сияқты  ұзын екенсің!»-деп кекете күлді. 

Осы күнге шейін себебі өзіме танық, Жазушылар одағы 

басшысының осы күлкісі маған майдай жақты. Сәбит, 

Тайыр Жароковке табанда тапсырма берді. Әлі есімде, 

январьдың екісі еді. Ертеңіне одақта менің өлеңдерім 

талқыға түсті. Дәлірек айтқанда, Балтабай Адамбаев 

екеуміздің  қолжазба жинағымыз талқыланды. Менің 

өлеңдерім жөнінде әртүрлі пікір айтылды. Сәбит: «Евро-

палық стильде жазады екенсің, бірақ интимная лирика 

басым екен»,—деп жанамалай шенеді.  Қасым Аманжо-

лов: «Бұл — нағыз ақын.  Қуандық Шанғытбаев сияқты 

мәдениетті жазады»,— деді. Талқьілаудың нәтижесінде 

менің бір топ өлеңім әдеби журналға үсынылды. Оның 

редакторы Ғабиден Мұстафин еді. Ол жауапты секретарь 

Сейтжан Омаровқа тапсырды. Бір топ елең тағы да ек-

шелді. 

Мен «Лениншіл жасқа»  қызметке орналастым. Пеше-



неме ауыл-шаруашылык бөлімі тиді. Бірақ әдебиет бөлі-

мімен ымы-жымымыз бір болды.  Қасым Аманжолов осы 

бөлімге келген сайын маған соғып, кейде ертіп кетіп 

жүрді. Осыньі тілге тиек еткен кейбіреулерге газеттің ре-

дакторы Баймұқан Ордабаев: «Материалды уақтылы 

тапсырып жүр ғой» деп, ырық бермеді. 

Бір күні  Қасым «Леннншіл жасқа» келіп, маған 

Ләйлі — Мәжнүннін» 540 жолын аударуға берді. Низа-

мидің болашақ тойына байланысты дастан жылдам 

шықпақ екен.  Қасым дастанның әрі  құрастырушысы, әрі 

редакторы екен. Айтқан сөзі: 

- Ертең он бірден  қалдырмай әкелесің! 

Мен таңқалдым.  Қасым түсіне  қойды да: 

- Жүрексінбе.  Қағып тастайсын,- деді. 

Мен Ордабаевтан рұхсат алып, дереу үйге кеттім, 

221 


мезгіл күз еді. Түннің  ұзақтығы пайда болды. Орысша 

подстрочник бойынша үлесімді аударып шықтым. 

Ертеңіне дәл сағат он бірде баспаға келсем,  Қасым 

Сәбит екеуі жүр екен.  Қасым  қолжазбаны бірден бух-

галтерияға берді. Есеп үшін берді. Арада екі-үш күн өт-

кенде тиын-тебенін алдық. Сол арада  Қасым 540 жолдың 

қырқын 

қысқартып тастағанын,  қалған жағына ырза 



екенін айта келіп: 

- Бүгіннен бастап сені бауырыма  т а р т т ы м ! - д е д і . 

Осыдан кейін мен  Қасым Аманжоловтың үйіне жиі 

баратын болдым. Үйі дегенде, ол ағасы Ақметжаннын 

бір бөлмесінде тұратын-ды. Сол бөлмеде «Көкшетау» 

дейтін өлеңімді оқыдым.  Қасым  ұнатты. Бірақ «Жұтады 

жасыл орман бұлтты тегін» деген жолдағы «тегінді» сы-

нады. Мен түзетпек болғанда: «Мүмкін, жаңа заманның 

ұғымынан туған шығар» түзетпей-ақ  қой» деп уаныш 

айтты. Өлең «Социалистік  Қазақстанда» басылды Бөлім 

бастығы Мұқан Иманжанов еді. «Тегінге» тиіскен жоқ. 

Байқамай  қалуы да мүмкін. Шынына көшсек, бұл, әри-

не, мін. 

«Мін» дегеннен шығады, бір жолы мен  Қасым Аман-

жоловқа «Ленин» деген поэмамды оқыдым. Бірінші та-

рауын оқып болғанда үзіліс жасатты. Шай іштік. Шай 

үстінде тарауды мақтады. Бусанып, шешіле сөйлеп отыр-

ды. Бірақ кейін кілт өзгерді.  Қалған тарауларын оқыған-

да  қарқылдап күле,  қағыта бастады.  Қасымның зайыбы 

Сәпен «баланы жасытпасайшы!» деп еді, оған  құлақ ас-

пады.  Қасымның сыны мынаған сайған-ды. Бірінші та-

раудан басқасында динамика жоқ, әр эпизод әр жерде 

қалып 

қояды, басы бірікпейді, 



Қасым сөзінің со-

ңында: 


- Өзің  қызық екенсің! Сен оқиғаны дамытпай «осы 

жерде тұра тұр» дейсің. Поэмаға бұл келіспейді,- деген. 

Мен поэманы басқа ешкімге оқымадым. Жеті жүз 

жолдай шығарманың жүзге жуығынан басқасын тәрк 

еттім. Сірә, бірте-бірте жоғалды-ау деймін. Жүзге жуы-

ғы «Сапар» атты тұңғыш жинағыма енді. 

Енді ойласам, поэмада, шынында да, тұтас желі бол-

маған сияқты. Бірінші тарауы толғау болғандықтан өз 

орнын тапқан. Бұл толғауды мен көрнеу  Қасымға елік-

теп жазған едім. Оған  ұнаудың бір себебі осы ма деп те 

ойлаймын. 

Задында, өзімшілдіктің, Чернышевский айтқандай, 

кешірімді жағы да болады ғой. Бір жолы мен орыстың 

халық әні «Ах, Самара городоктың» текстін  қазақшала-

.222 


ғанда Қасым: «Бұны мен аударып  қойғанмын»—деді. 

Мен бәсекелесуге бармадым. 

Сөзден сөз туып жатыр, «Социалистік  Қазақстанның» 

тапсыруы бойынша  Қасым Аманжолов «Жастар даусы» 

есімді жалпы жинаққа рецензия жазды. Онда менің бір 

өлеңімді мақтады. Осы шағын мақаланы  қолжазба кү-

йінде маған оқып еді. Мақаланың түйінін ақылдасқанда 

мен «мені тағы да бір ата» деппін.  Қасым: «жоқ, осы же-

теді!»,- деді Мен сұмдық  қысылдым. Есіме түссе осы 

күнге шейін  ұяламын. 

1949 жылы мен Жазушылар одағына мүшелікке ет-

тім. Кепілдеменің бірін  Қасым Аманжолов берді. Оқыл 

шығып: 

- Орысша келіп жатыр ма?- деп бір  қойды. 



Ол орыс тілін бірқос тәуір білетін еді. Майданда 

жүргенде орысша өлең де жазған. Сөйте тұра аударма 

үстінде «мынау  қалай?» деп сұрауды, ақылдасуды бойы-

на мін көрмеуші еді. «Полтаваның» аудармасы теруге 

кетіп  қалғанда ол «ілермісің-білермісің» деген жеңіл  ұй-

қасқа екінді. Маған: «Сен осыны түзетіп жібер» деп күр-

делі  ұйқас келтірді. Баспаханаға баруға ерінген мен: 

«моего-твоего» болып  ұйқасады ғой» дедім. Ол кезде мен 

Пушкиннің кей-кейде тым жеңіл  ұйқасқа, кей-кейде етіс-

тікке баратынын, оны Лермонтовтың іштей  ұнатпағанын 

білмеуші едім. Аузыма әлде  қалай түсті.  Қасым «Ә, со-

лай ма?!» деп көніп  қалды. 

Сол жылдары бүгінгі «Жазушы» - «ҚазОГИЗ» ата-

латын-ды. Баспаның бас редакторы Ғалым Ахметов бір 

күні маған бір ақынның өлеңдер жинағын рецензиялау-

ға берді. Мен жинақты жаратпай тастадым.  Қолжазба-

ны  Қасымға оқығанымда,- ол: «келтасын езеді» деген 

сөзден басқаның бәрі дұрыс» деді. Артынша: «Әй, өзіңде 

критический разум бар екен ғой!» деп бір  қойды. 

Осыдан кейін мені Есмағамбет Ысмайыловтың үйіне 

ертіп барды. Есмағамбеттің әйелі киноға бара жатыр 

екен. Үшеуміз оңаша  қалдық.  Қасым: «Қатып  қалған 

котлет бересің!»—деп  қағытты. Бірақ екеуінің өте тату 

екенін байқадым.  Қасым Есмағамбетті Естай деп те 

атайды екен. Ол оған: 

- Әй, Естай, мен мына баланы обществомен таныс-

тырып  ж ү р м і н , - д е д і . 

Мен Есағаңның мақалаларына бала жастан жетік 

екенімді айттым. «Теміртас» романына жазған журнал-

дың мақаласынан мысал келтірдім. Осыдан кейін әде-

биет сыны ауызға ілініп, Белинский әңгіме болды. Тілі 

223 


келмей ме,  қайдам, Есағаң «Беленский» деп атап отыр-

ды. Мен  ұлы сыншының ескі әріппен басылған үш том-

дығын соғыс жылдары оқып едім. Таланттың үш сатысы 

туралы пікірін айта бастағанымда  Қасым: 

- Сіз бен бізге ең төмені де  ж е т е д і ! - д е п  қағытты. 

Артынша Белинскийдің творчествосымен таныс екенін 

танытып өтті. 

Кейін көзім жетті.  Қасым Шоқан Уәлихановтың том-

дарын түгел окыпты. Осы сияқты ол өзіне керегін када-

ғалап білетін адам екен. Бір ретте психология оқулығын 

ақтарып отырғанын көрдім.  Қасым кітаптың бір бетін 

нұсқап: 


- «Сочетание многих способностей - есть генналь-

ность депті!»- деп ойға шомып кетті. 

Көріп отырсыз, ақын оқымайды деген бос сөз екен. 

Сергей Есениннің білімдарлығы бертінде ашылды. Есе-

нинге телінетін  Қасым Аманжолов орыс өлеңінің жүйе-

сін зерттеген-ді. 

Задында, ол өте алғыр адам еді. Белинскийдің «Го-

гольге хатын» бір кеште аударғаны есімде. Және  қандай 

аударма! Өлеңді ол шабыты келгенде жазып тастайды. 

Қалың  қара дәптері бар-ды. Соған өлеңді бірден түсіре-

ді. Бір жолы мен үйіне барғанымда маған арнап табан 

астында өлең шығарды. Сырбай Мәуленов екеуінің бір-

біріне арнап суырыпсалма өлең шығарғаны менің есім-

де. Елубай Өмірзақовтың тойына арнаған өлеңі бірнеше 

минутта туған. Мұхтар Әуезов лауреат болғанда оған 

өлең арнады.  Қолжазбасын үйінде  ұмытып кетіпті. Ес-

мағамбеттің пәтеріне кіріп, өлеңді  қалпына келтірді. 

Екеуміз, дәлірек айтқанда, Сәпен үшеуміз Мұхтар Әуе-

зовтің пәтеріне бірге бардық. Тойхананың есігі ашық, 

біреу кіріп, біреу шығып жатыр, әйтеуір, дамыл жоқ. 

Мұқаңның даусы  қарлығып  қалыпты. Әлшараптан 

шамалы  ұрттап отырды. Оң жағында  Қалыбек  Қуаныш-

баев отыр. (Той болғалы бәрі осы үйден шықпайды 

екен). Бір уақытта  Құрманбек Жандарбеков келді.  Құт-

тықтау арасында: «Менің көріпкелім бар!» деп насат-

танды. Бір-екі тостан кейін  Қасым өлең оқыды. Жұрт 

қол шапалақтады.  Қасым: 

- Тәкен де өлең әкелді,- деді. 

Мен өлеңді оқып шығып,  қуаныш иесіне бердім. Өлең-

нің менің тұңғыш жинағыма кірмей  қалған себебі маған 

танық. Сірә, жоғалтып алсам керек. 

Жоғалтып дегеннен шығады. Мен өлеңді бала жас-

тан бастап жазған адаммын. Тырнақалды өлеңдерім 

224 


«Социалды шаруа» деп аталатын аудандық газетте, «Қа-

ратау кеншілері» аталатын рудниктік газетте басыл-

ды. Еш жерде жарияланбаған бір дәптер махаббат лири-

касы Шымкентте жоғалды. Осы лириканың біразы  Қа-

сымға  ұнаған еді. Оның маған іштартуына себеп болған 

да сол лирика еді. Бөгдедей көрінетін нәрсені айтып жат-

қаным сондықтан. 

Орайында айта кету ләзім,  Қасым Аманжоловтың 

мұрасында махаббат лирикасының орны ерекше. Бұл 

лирика ертеде жарияланбаған. Жариялануы  қиын да 

еді. Осының  қалайша сақталғаны маған мәлім емес. Мә-

лімсізге таңданатып себебім,  Қасым Аманжолов өзінің 

мұрасына өте салақ адам болатын-ды. Ол керек 

кезінде ертеде шыққан өз кітаптарын өзгелерден іздей-

тін-ді. Осындай жағдайды мен өз көзіммен көрдім. Уч-

педгиздің директоры Әбу Сәрсенбаев  Қасымға оның 

өлеңдер жинағын шығаратынын айтты.  Қасым ырза бо-

лып, кітаптарын іздестіре бастады. Атақты «Дауылдың» 

бір-ақ данасы болатын-ды. Мен: «бұл  қалай?» деп сұра-

ғанда  Қасым: «Алда-жалда керек болса кейін жұрт өзі 

тауып алады» деп жауап  қайырды. Бірақ кейін денсау-

лығы нашарлап, төсек тартып жатып  қалғанда баяғы 

райдан  қайтып әдеби мұраларын толық  құрастыра бас-

тады. «Іштен шыққан шұбар жылан» деген осы. 

Әлі есімде. Бір жиналыста  Қасым Аманжолов  қатты 

шенелді. Мен осыны оған келіп айтқанда, ол: «Сен 

неге сөйлемедің?» деп сұрады. Мен сөз тимегенін айттым. 

Үйінде сырқаттанып жатқан  Қасым столды  қойып  қал-

ды. «Сөз бересің деп  қасарысып тұрып алмайсың ба?!» 

деп зекіді. Артынша: «Ах!» деп жылап жіберді. «Мыңға 

жалғыз шабар едім!» деп жазған  қайсар ақын осылайша 

оқыс жарылды. 

Осыдан бірнеше жыл бұрын Аманжоловтың «Дауыл» 

атты жинағына «Социалистік  Қазақстан» газетінде Әб-

ділда Тәжібаевтың мақаласы шыққан еді. Мақалада бұл 

жинақ «Қасым Аманжоловты бірінші ақынымыз етеді» 

деген баға бар-ды. Сондағы  Қасымның  қуанышын сұра-

маңыз. 


Сол жылы ма, келесі жылы ма, әйтеуір бір жолы 

жастар творчествосына арналған жиналыс болды. Баян-

дамашы Ғабдол Сланов жастардың арасында мені де 

атады. «Шымылдық» деген өлеңіме тоқталып: «Аяғының 

желі бар, алынбаған тері бар екен» деген.  Қасым ма-

ған: 


- Бағың ашылды!- деді. 

225 

Жарыссөз сөйленіп жатты.  Қызылордадан келген 

Асқар Тоқмағамбетов: 

- Біздің облыста жастар  Қасым Аманжоловтың 

өлеңдерін жатқа айтады,- деді. 

Қасымның  қуанышы  қойнына сыймады. Үзіліс кезін-

де ол: «Әй, кұдай бар екен!» деп  құнжыңдап жүрді. 

Қасым, асылы, жастарға үйірсек еді. Бірақ пікірін 

тура айтатын. Мен пәленше боламын, түгенше боламын 

деген Төлеужан Ысмайыловқа: «Баймұқанша-ақ баста-

шы!» деуі мінезінің тіктігінен еді. 

Осы тіктігін ол ірілерге де істеді.  Қазақ әдебиеті мен 

өнерінің Москвада өткен онкүндігінде  қасына келгіште-

ген аудармашыларды  қуып жіберді. Кейін бақсам, кімді 

болса соны аударатын базбіреулерге іштей наразы екен. 

Бұның бәрі жүйелі болса, жүйесіз мінездерді  қайран 

қалдырады. Бір жылы жазда  Қасым, мен және Шахмет 

Хұсайынов үшеуміз Алматинканың жағасына бардық. 

Пляжда жатқан әлдебіреумен  Қасым шатасып  қалды. 

Анау тас лақтырып,  Қасымның  қабағын жарды. Мен жа-

расын таңып жатқанда,  Қасым: «Ақсын менің  қаным!» 

деп долданды. Үйге келгенде ол: «Кінәлі менің өзім!» 

деп өзін-өзі жығып берді. Кейін бірде  Қасым әлденедей 

маған тиіскенде кәрі шешееі оған: «Үстіндегі көйлегін 

жыртып жараңды таңған баланы неге ренжітесін?!» деп 

кейіді.  Қасым: «Ә, солай ма?!» деп ойланып  қалды. Ол 

менің үстімдегі гимнастеркама, аяғымдағы етігіме  қа-

рап: «Сен райзоның  қызметкерісің!» деп мазақтаушы еді. 

Сол гимнастерканың астындағы көйлек есіне түсті бі-

лем, ол: «Сенің жасыңда мен өлеңді сенен төмен жазушы 

едім» деп мені жорта  қолпаштады. 

Қолпаштаудыц екінші жағы да бар-ды.  Қарағанды-

дан келген ақын  Қабыкен Мұқышев дастарқан үстінде 

«Қасеке!» деп  қылжақтағанда,  Қасым: «Сенің мойның 

былқ-сылқ етеді!» деп үйден  қуып шықты. Ашуы басыл-

ғанда: «Әлгі ертектегі алмалы-салмалы мойынды білуші 

ме едің?!» деп күлді. Осындай бір отырыста менің Ал-

тынбек деген жездем  Қасымды мақта еді.  Қасым: «Әй, 

сенің «Жүден» не? Бәсе, шекең  қушық!» деп ежірейе кет-

ті. Бір  қызығы, анау адам осыған шамданбады.  Қайта 

кейін осыны әңгіме ғып, жүрген жеріне таратты. 

Үйден шықпай ішқұста болған ақынды бір күні  қояр 

да  қоймай Горькнй атындағы демалыс паркіне алып 

бардым. Зоопаркті аралап шықты. Содан кейін ығы-жы-

ғы адамныц ішінде көп серуендедік. Ақырында ол: 

- Әй, мынауың  қызық екен!- деп сүйсінді. 

226 


Бірақ келесі жексенбіде ол айнып  қалды. Мен  қыста-

ғанда: «өзің кете бер!» деп домбырасын шертіп кетті. 

Мен қасында ұзақ отырдым. Ол Тәттімбеттің «Қосбаса-

рын»  қайта-қайта тартып отырды. Менің ықыласымды 

байқаған ол «домбыра үйрену керек»  қоп  қояды. Мен 

оған бала кезімде домбыра дыңылдатып кергенімді, бі-

рақ, әкем «әулекі болып кетеді» деп домбыраны біреуге 

беріп жібергенін, бұл күнде  қолым жуыспайтынын айт-

тым. Ол күлді. Адамға бітпеген күлкі еді. 

Парктен сөз туғызайын.  Қасымның денсаулығының 

нашарлауына оның үйде шөгіп  қалуы себеп болды-ау 

деймін. Үйде не ермек болады. Ойыннан білетіні - дой-

бы. Одан әріптес табыла  қоймайды. Картадан мүлдем 

хабарсыз. Спортқа бармайды. Бір көргесін парктен жа-

лығады. Оның есесіне ол үй іргесінде ағатын өзеннің 

жағасында скрипка тартады. Одан жалықса домбыра 

шертеді. Күйсандық сатып алуға жағдайы жоқ. Сайып 

келгенде, бірыңғай өнер демалыстың бодауына жүре 

бермейді. 

Ол кезде Сырбай Мәуленов  Қостанайда, Куандық 

Шаңғытбаев Ақтөбеде тұрады.  Қасым маған екеуін де 

сыртынан мақтаушы еді.  Қейін олармен  Қасымның от 

басы, ошақ бұтынан кездестім. Ғафу  Қайырбековті де 

алғаш рет сол үйден көрдім. Ол кезде Ғафу Алматыда 

Жоғарғы партия мектебінде оқиды екен. Бір күні ол  Қа-

сым екеумізді  қонаққа шақырды. Домбыра тартып, тер-

ме төкті.  Қайтып келе жатқанда  Қасым: 

- Бұл ауылдан келген бала жырау. Бірақ келешекте 

мәдениетті ақын болады,- деді. 

Сол Ғафу  қазір Аманжоловтың көл-көсір мұрасын 

құрастырып, алғысөз жазды. 

Соғыстан кейінгі жылдары таршылық болды ғой,  Қа-

сым мұқтаждықты көп көрді. Әлі есімде. Кейде базардан 

қойдың басын алып  қайтамыз. Екеу ара немесе үшеу ара 

жіпке тізіп, өзен бойлап келе жатамыз. Ет ырымға жоқ. 

Ет емес-ау, ақша жоқ. Бірақ  Қасым тұрмысқа сыр бер-

меуші еді. Оның бір  қайсарлығы да осында! 

Қайсарлық! Бір күні ол  қызметте отырған маған кел-

ді. Ол кезде мен «КазОГИЗге»  қатардағы редактор бо-

лып ауысқанмын.  Қасым  қасымдағы адамдар есітер-есіт-

пестей үнмен: «Ақшаң бар ма?»—деді. Мен «жоқ» деп 

жауап бердім.  Қасымның бетін лап етіп жалын шарпып 

өткендей болды. Кешінде мен үйіне бардым. Ол кезде бір 

кексе артистканың шағын екі бөлмесін жалдап тұратын-

ды. Ымырттың қара-көлеңкесінде керуетте  ұйықтап жа-

227 


тыр екен. Мен дыбыс бергенде сұмдық  қуанды. Базына-

лық кейістік сөз айтып жатыр. Бақсам, бүк түсіп, іші 

пысып жатыр екен. Кеш бойы кеңестік.  Қасым елін, ба-

лалық шағын еске түсіре келіп: «Жігітке деген жігіттің 

махаббатынан ешнәрсе аспайды» деп бір  қойды. 

Күн артынан күн өтіп жатты. Мен бір жылдай Город-

ская көшесінде  Қасыммен көрші тұрдым. Онын үйінен 

Сырбайды, Ғафуды, Садықбек Адамбековті,  Қасым То-

ғызақовты жпі көріп жүрдім. 

Мен Мәскеуге оқуға кетерде  Қасым Аманжолов  қар-

сы болды. 

- Өзің жаңадан ес жинап келе жатқанда жылы ор-

ныңды неге суытасың!-деген. 

Мен Анна Степановна Аринчехина дейтін кемпірдің 

екі бөлмесінде тұратын едім. Енді сол хозяйкамен ақыл-

дастым. Анна Степановна дәулет  қашатынын, білім  қаш-

пайтынын айта келіп: 

— Езжай, сынок! Заложи в  л о б ! - д е п алақанымен 

маңдайын сыйпады. Жалдамалы екі бөлмеден  қам 

жемеді


1

Көп  ұзамай Касым мені екінші Алматыға (вокзалға) 



шығарып салды. Хоштасар алдында: 

- Саған шынымды айтайын, сенсіз ішім пыса ма деп 

қорқып едім. Әрине, оқығаның дұрыс!- деді. 

«Шынымды айтайын» деп сөйлейтін сөзінің салты еді. 

Осыдан кейін ол нағыз шынын айтты. Ол өзі әскерде 

жүргенде өз  қатарынан  қалып  қоямын деп уайымдаға-

нын, соғыстан кейін  қайтып оралғанда өз «қатарының» 

баяғы төбеде тұрғанын көргенін айтты. Сөзінің соңында: 

- Сен бес жылдан кейін ораласын, олар баз-баяғы 

орнында тұрады!- деді. 

Мәскеуде мен екі ай бойына оқуға түсе алмай жүрдім. 

Елге  қайтудан  ұяламын.  Ұятты күнілгері аршу үшін бір 

күні  Қасымға: «Оплакиваю судьбу» деп телеграмм жі-

бердім. Тәңір жарылқап ақыры оқуға түстім. Оған СССР 

Жазушылар одағына мүшелігім септесті. Мен билетті 

бетке тұтып, дәріске кіре бердім. Ақырында директор 

аяп, бірінші курске түсірді. 

Мәскеуден мен Алматыға 1953 жылы оралдым. Ілияс 

Омаровтың көмегі арқасында  Қасым Турксиб басқарма-

сының еншісіндегі үйден үш бөлмелі пәтер алыпты. Өзі 

1

 Анна Аринчехина кейін, 1953  ж ы л ы , маған орыстын «Кари-



глазки» дейтін ежелгі  х а л ы қ әнінін нотасын тауып береді. Абайдың 

«Айттым сәлем,  Қ а л а м к а с ы » сол ән болып шығады. Бұл жайында 

« Ж ұ м б а к  ж а н д а » толық айтылған. Т. Ә. 

.228 



ілгеріректе: «Бермесең бермей-ақ  қой баспанаңды, сонда 

да тастамаспын астанамды» деген ғой. Сол баспана оған 

енді табылды. Бірақ бұл кезде оның денсаулығы тым 

нашар еді. Осыдан ол айықпай  қойды. Шақалақ ақын: 

«Аурудай өз әлімді шамалаймын, өзгеге бар болсаң да 

маған жоқсың» деген. Сол айтпақшы,  Қасым сырқат мең-

дете бастағаннан-ақ  қағаздарын жоғарыда айтқандай, 

ретке келтірумен болды. Оған Баймұқан Тоқтаров көп 

жәрдемдесті. Бір  қызығы,  қолтаңбасы  Қасымның  қол-

таңбасынан айнымайды. Әсердің  құдіреті деген осы! 

Қасым Аманжолов  қайтыс болған соң оның сүбелі екі 

томдығына мен көлемді алғысөз жаздым. Кейін ол орыс 

тілінде мақала боп менің «О, прошлом и настоящем» 

деген кітабыма енді. Күні кеше, 1975 жылы «Художе-

ственная литература» баспасынан шыққан бір томына 

жаңадан алғы сөз жаздым. Баспаның өзі жаздырды. Де-

мек, мен Аманжоловты зерттеушінің бірімін деген сөз. 

Осыған орай айтатын бір шындық, ақынды таныту бар 

да, ақын арқылы өзіңді таныту және бар. Бұл жағынан 

Қасым мұрасы мені  ұятқа  қалдырған жоқ. Бұған  Қа-

сымның көзі тірісінде айтылған инабатты пікірлер де сеп-

тігін тигізді. Мәселен, Әбділда Тәжібаевтың мақаласы 

маған  қолжазба күйінде толық таныс. Бұл мақаланың 

толғау-тебіреніске толы бас жағы газетте басылмаған. 

Одан бірнеше жыл бұрын,  Қасым майданда жүргенде 

«Абдолла» дейтін поэма жазды.  Қолжазбасын журналға 

жібереді. Журнал басады. Осы шығарма туралы Ғабит 

Мүсрепов «Майданнан соққан леп» деп «Социалистік 

Қазақстанға» мақала жазады. 

Осыны мен ең әуелі  Қасымның өзінен есіттім. Ол 

майданнан оралғасын мақаланы газеттің тігіндісінен 

оқығанын айтты. «Автордың өзінен неге алмадың? деп 

сұрау менің ойыма келмеді. 

Мен  Қасымның тірі кезінде ол туралы бір де бір ма-

қала жазбағаныма өкінемін. Мың дегенмен, тіршіліктегі 

қанибетке не жетсін! 

Журналда  қазақ поэзиясы туралы менің мақалам 

жарияланды.  Қасым «әсіресе, тілі жақсы екен!» деп мақ-

тады. Жаза баспасам, сол мақалада Аманжолов туралы 

бір сөз жоқ. Сірә, өте тату адамдар бірін-бірі мақтамай 

ма,  қалай?! 

Бірақ осының есесіне мен ақынның әруағын ақтаға-

нымды көңілге медеу тұтамын.  Қасым  қайтыс болған 

жылы (бұл 1955 жылы еді) оның екі томдығына жазған 

алғысөзім дау-шарға  ұшырады. Кітап шығарда алғысөз-

229 


ді тастарманға келді. Біз Сырбай Мәуленов екеуміз 

Мұхтар Әуезовтің үйіне барып, оқып бердік. Ол кісі: 

«Эмоциально окрашенная статья» екен деп мақтады. Өз 

пікірін тиісті жерге айтты да. Талқылау кезінде біз же-

ңіп шықтық. Сондағы дау не деңіз?!» «Октябрь револю-

циясы сөз болса  Қасым еске түседі» деген тәрізді сөздер. 

Мен: «Ау,  Қасымның Октябрьді жырлағанын айттым 

ғой» десем, шағымшы: «Жоқ, сен оның өзін теңейсің" 

деп өзеурейді. Осындай да солақайлық болған! 

Естелікті шегерерде  Қасымның ақырғы күндері көз 

алдыма келеді. Ол тынысы тарылып, жарық дүниемен 

қоштасқалы жатқанда күні кеше үстінен ғайбат айтып, 

жүйкесін тоздырған адамдарға кектенбей, «кештім!» де-

ген. Бұл -  ұлы жанның ғана  қолынан келешек еді! 

Қасым Аманжолов туралы некрологта менің  қолым 

жоқ еді. Кейін бақсам, кейбіреу оған да таласады екен. 

Жазушылар одағында сөз сөйленді. Кейін бақсам, жұрт 

оған да мән береді екен. Менің есімде  қалғаны басқа 

нәрсе. Сұмдық сурет!  Қасымды табытпен сыртқа шыға-

рарда өлік тербелгендей шалқақтап бара жатты. Сол 

сәтте менің есіме  Қасымның өлеңі түсті. «Өмірге келдім 

еңбектеп, шалқақтап әкем шықты үйден» деп еді-ау! 

Бейітке жұрт көп барды.  Қыс айында күн жылы еді. 

Өлікті молаға түсірерде белгілі бір жазушы: 

- Жанынан артық  е м е с ! - д е п су жаңа сұр беш-

пенттің жағасын тілгіледі. Жағаның кенебі көрініп, бі-

лемденіп  қалды. 

Менің өлікті жерлеуді бірінші көруім де осы еді. Мо-

ла үйілгенде жұртпен бірге топырақ тастадым. Әлгі 

жазушы: 


- Хош,  Қ а с ы м ! - д е г е н д е кезінен жас шықты. 

Бұрын  Қасыммен көп  ұстасқан адамның көз жасы 

жас бейітке тамды... 

Тіршілік деген осы.  Қасымның: «Заманның жеңіл 

ауыз жентелмені, білемін, мақтар едің өлсем мені!» деге-

ні де осы. 

Қасым жерленгесін жұрттың бір тобы зираттан тура 

қаралы үйге тартты. Әрине, көрден  қайтқандар ауыл 

адамынша «ой бауырымға» баспайды. Ендігі сөз басқа-

ша болмақ. Дағдылы өкініш айтылмак. «Қасым өлген 

жоқ» деген тәрізді уаныш және айтылмақ: Ақын мұрасы 

жайынан бәтуа, уәде мегзелмек. 

Әруақ тербеткім келмеді ме,  қайдам, мен орта жол-

дан түсіп  қалдым. Сол сәтте күндердің күнінде естелік 

жазамын деп те ойлаған жоқ едім. 

1977 


БІР АҚЫННЫҢ ЕКІ ӨЛЕҢІ ТУРАЛЫ 

Ғали Орманов -  қазақ совет оқушыларына көптен 

таныс, есейген ақындардың бірі. Оның өлеңдері, көбі-

несе,  қысқа-қысқа лирика болып келеді. Сезімге  құры-

лады. Ғалида сюжеттік өлеңдер басым. Поэзияның бір 

міндеті - оқушының  құлақ күйі, көңіл сазы боп, жүре-

гін әлдилеп, жанын толқыту, рухани нәр, шабыт беру 

екені мәлім. Бірақ соның әртүрлі жолдары, әртүрлі 

тәсілдері бар. Ол ақынның өзіндік дарынына, ерекше-

лігіне, табиғатына байланысты. Үлкен әлеуметтік па-

фостың ақыны мен лирик ақынның стилі бірден бола 

бермейді. Бұдан әрине, лирик ақынның  қоғамның мә-

дени өмірінде алатын орны, атқаратын  қызметі пафос-

тың ақынынан кем деген магына тумайды. «Пафостың 

ақыны» деген сөздің өзін де шартты түрде түсіну керей 

болады. Өйткені, лирикасыз пафос жоқ та, пафоссыз 

лирик жоқ. Бұлардың  қарым-қатынасы өз алдына бір 

мәселе. 


Біздің айтқалы отырғанымыз - Ғалидің лирик ақын 

екені. «Лирика дегеніміз,- дейді Белинский,- поэзия 

атаулының жаны». Ендеше, Ғали Ормановтың өлеңін 

талқыға салғанда, сол лирикаға  қойылатын озық талап-

тардың тұрғысынан  қарауымыз керек болады. 

Осы мақсатпен, Ғалидың жалпы поэзиясының  қа-

сиетін көрсететін мынадай бір екі өлеңін талдағымыз 

келеді. 


Біріншісі «Жолда» деген өлең. Бұнда ақынның 

ерте кезде жаман тайға мініп, ауылынан  қалаға оқуға 

келе жатқан бір кезеңі суреттеледі. 

Екіншісі -«Бір тілек» деген өлең. Бұнда ақынның 

досымен екеуі оқу бітіріп, елге  қайтып келе жатқан ке-

зеңі суреттеледі. 



231 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет