Қасым аманжолов (1911-1954)


Атом ба, әлде басқа бір  қуат па



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата01.01.2017
өлшемі360,62 Kb.
#925
1   2   3   4   5

Атом ба, әлде басқа бір  қуат па... 

Инженер айтар өзі келер уақытта.. 

Үңілді улы үмітпен мыңдаған көз 

Дәл сол бір кіп-кішкене аппаратқа. 

Аппарат жұмыс істегенде тоң жібіп, жердің бауыры 

балқиды, «бұрқырап жердің буы көтерілді, аяздың да ашу-

ын тартып алады».  Қасым жаңа адамның жаңа ғылымдық 

қуатына да байқап-байқап тоқтала кеткен. Одан әрі көбей-

тіп айтуға жүрексінгендей. Онысы теріс те болмаған. Поэ-

мада техниканың  құпия сырларын ашатын тетіктерді жыр-

лау ақынды поэзиядан алыстатып кетуі де мүмкін сияқты. 



Тағы бір осалдау жері — Нұрланның токтан жазылған 

жері- Қасым оның  қалай сауыққанын дәлелдеу үшін Нұр-

ланды жерге көмеді, бойындағы ток зардабын топыраққа 

сорғызады. Мұнысы да поэманы  құлпырта түсерлік бөл-

шектерге қосылмайды. Мінеки, осындай жеке-жеке міндері 

болмаса, «Боран» өте  қызықты шығарма. 

Қысты — боранды жандандыру, оларға  қарттың бейне-

сін беру орыстың, батыстың поэзиясында әлде  қашаннан 

бар, «Аяз-Ата» — орыста халықтық  ұғым. Ол поэзияда, ән 

мен өлеңде, сахналарда, экрандарда да жүреді, көбінесе 

жыл басы, жаңалық басы түрінде жүреді.  Қазақта  қысты 

бірінші рет жандандырған Абай екені мәлім: 



Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, 

Соқыр мылқау, танымас тірі жанды. 

Үсті-басы ақ  қырау, түсі суық, 

Басқан жері сықырлап келіп  қалды. 

Абайдың  қысы  қазақтың  ұлттық  ұғымынан туған. Ол 

соқыр мылқау, боран соқтыра, жұт жетектей, мал баққан 

елдің апшысын  қуыра, заманын тарылта келетін  қыс.  Қа-

сым осы жанды  қыстың  қаһарлы боранын поэмасына бас 

герой етіп: 



Арқаның ала сүрген  қарт бораны 

Ежелден иесіз дала еді, ханы 

Айқайлап, атой салып, жорық ашып, 

Сан рет солқылдатқан Сарыарқаны, — 

деп бастайды. Боран кең даланың бұрынғы патшасы, дәр-

менсіз халықтың стихиялық тәңірісі. Осы ғасырлар бойы 

басынған, өмірінде Сарыарқадан  қарсылық көрмеген боран 

қазаққа  қатты ызалы. Ол өнер тауып, іргесін бекіткен, ас-

панмен тілдескен, завод соққан адамға жаудай өшігеді. 

Жаңа дүниеге кекпен, ашумен  қарайды. 

Көрді ол алып завод мұнарасын, 

Қазақтың дүбірлеткен кең даласын. 

Сезді ол адам  ұлы басынғанын 

Тәкаппар табиғаттың падишасын. 

Ол барлық  қуатын жинап, тағы бір соғып береді. Бұл 

оның соңғы шабуылы. Я жеңу, я жеңілу жорығы. Боран-

ның бұрқаған  құдіретін, оның заводпен, адаммен соғысын 

ақын жеткізе суреттейді: 

Долы күш ақ кебіннен киген киім, 

Ақшамда азынатып дозақ күйін. 


Өкіріп, кеудесімен жатыр соғып, 

Ала алмай алты  қабат завод үйін. 

Бұдан әрі боранның қолға түсіргені Жәмила. Енді оған 

жас сұлуға  құмар, ыстық денені мұздай  құшағымең  қаты-

ратын  қазақ шалының мінезі бітеді. Боран — стихия, көз-

сіз мылқау, боран — ескі дүниенің  қалдығы, боран - жа-

ңаны, жасты көре алмайтын көнерген ескілік, боран - өт-

кен өмірдің соңғы әрекеті. Ақын боранға осы сияқты толып 

жатқан астарлы мағыналар береді. Сөйте тұрып, боранның 

табиғи бейнесін бірде-бір әлсіретпейді. Әсіресе, боран мен 

Жәмиланың диалогы  қызық.  Қорқытқысы, жегісі, жем ет-

кісі келген, сұлуға  құмар боран завод тұрсын Жәмиланы 

да жеңе алмайды. Жас әйелдің тәкаппар мінезі, өмірге, жа-

рына деген махаббаты түнгі боранға төтеп беруге жарай-

ды.  Қанша шаршаса да жаны жеңілмейді, өрлігі тоқыра-

майды. Жәмила Боран шалға: 

Долы шал, садаға кет махаббаттан, 

Сен бе екен жасты  құшар жалын атқан. 

Алдымда елестейді алтын сәуле, — 

Сол сәуле жарым ба екен келе жатқан,— 

деп жауап береді. Адасқан Жәмиланы іздеген Нұрлан мен 

халықтың бейнесі де көтеріңкі рухта алынған. Олар ақын 

тілімен айтқанда теңіздегі жалт-жұлт еткен  ж а л а у д ы іздеп 

жүргенге  ұқсайды. Жәмила поэзия  құдіретімен — жаны 

дарқан, еркі  қанатты, жігері дауылмен алысқан махабба-

ты боранмен шыңдалған, бұрынғыдан да мөлдірей түскен 

ерлік образға айналады. Жәмила өлмейді,  х а л ы қ өлтірмей-

ді, боран жеңіледі. 

Дүрліккен түні бойы боран долы 

Тым-тырыс жатыр енді, болмай жолы. 

Үйлердің арасында  қалды үйіліп, 

Майданда  қырылғандай,  қалың  қолы, — 

дейді ақын басылған боранға ғажайып теңеулер тауып. 

Адам бейнесін  қасиеттейтін, адам махаббатын дәріптейтін 

әдемі өлеңдер тамаша! Соның бәрінде де  а қ ы н н ы ң нәзік 

жаны, күйлі үні үнемі бабында. Бірде-бір  а р т ы қ сілтемей, 

бірде-бір кем соқпай, сөз бояуы мен дыбыстарын ғайыптан 

туғандай сыңғырлатып,  құлпыртып отырады. Ондай тұс-

Қасымның орасан іріленетін, шығандай көтеріліп кететін 

тұсы. Біз еріксіз  қуанып  қол соғамыз. «Боран»  Қасым ғана 

жазған, ешкімге  ұқсамай, өзінше жазған новаторлық поэма. 



Бұл оның  қазақ совет поэзиясына тыңнан  қосқан жаңалы-

ғы. Совет адамына арнаған биік ескерткіші. 

* * * 

Өмірден үміт жоқ өзге, 

Даланың тердім тезегін. 

Әкем боп таптың сол кезде. 

Советтік менің өз елім, — 

деген  Қасым осы бетінен бірде жалтарған жоқ. «Советтік 

елім» деген екі сөз оның ақындық туы еді. Сол туды биік 

көтерумен өтті. Ғасырмен бірге  қозғалды, халықпен бірге 

өсті,  қан майданды бірге кешті.  Қасым — еліміздің алып 

заводтарының іргесіне  қаланған берік тастарының бірі; 

Қасым —  ұлы жеңістерге мәңгілік үшін арналған ғажайып 

ескерткіштердің бірі.  Қасым жыры — көңіл күйіміздің аса 

бір шадыман, бақытты шағы. Ол әрқайсымыздың-ақ арман-

қиялымызды ілгері бастаушыларымыздың бірі. Сөз  қалай 

түледі, өлең  қалай жанданды, ой мен өнер  қалай табысты, 

қазақ совет поэзиясы  қалай өрледі? — деген сұрақтарға 



ешкім де  Қасымсыз жауап бере алмайды.  Қасым сондай 

ақын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет