Асүй - бұл кез-келген халықтың ұлттық мәдениетінің маңызды бөлігі. Дүниежүзі бойынша түрік асханасы бірінші бестіктің ішіне кіреді. Қазақстандағы түріктер болсын Түркиядағы түріктер болсын таңертеңгі тағамды міндетті түрде наннан бастайды екен. Түріктер нанның екі түрін, яғни бидай наны мен жүгері нанын керемет пісіреді. Тоқаш түрлеріне лаваш, хамурсыз, юфка, гөзлеме жатады. Ең дәмді нан тағамы тоң май, жұмыртқа араластырып пісіретін чурек. Сонымен қатар азанғы ас қой сыры, зәйтүн, қызанақ, қияр, сондай-ақ mercimek сorbasi (мерджимек чорбасы) – жасымықтан әзірленген көжеден тұрады. Бұл көжеге де нан қосып ішеді. Ет өнімдері мен ұннан, сүт өнімдері мен көкөністен даярлайтын ұлттық тағамдары бүгінде шетелге де кеңінен танымал. Еттен ұлттық палау пиринч пилави, кавурма, кебаб, дөнер-кебаб, шашлық, пача, ысқара, пастырма, суджуқ, қадын буду, тавуқ гейсю тағамдарын әзірлейді. Түріктер арасында турама ет әзірлеу танымалдыққа ие. Дөнер кәуәп бұл кәуаптің немесе еттен жасалған тағамдарының бір түрі. Жалпы дөнер кәуап түрік халқының ұлттық тағамы ретінде саналғанымен, кейде бұл тағам алғаш рет араб елінде пайда болып "шаурма" деп аталған. Дөнер кәуап, люля кәуап, адана кәуап, тағы басқа осман, әзірбайжан, Кавказ түркі халықтарының еттен қуырылып жасалған тағамдарға ұқсас, кәуаптің бір түрі, түрік халқының, тіпті түркі халықтарының тағамы. Түріктердің дерлік бәрі жақсы көретін әрі әлемге танымал болған тәттілерінің бірі пахлава. Пахаваның тарихы сонау Ассирия кезінен бастау алған. XV ғасыр тағамдарының құрамы, дайындалу тәсілі туралы кітаптардан пахлаваның жасалу жолдарын табуға болады. Түрік асханасында пахлавадан кем түспейтін жаңғақ пен дән түрлерінен жасалатын бал қоспасын сүйіп жейді. Оны «кадаиф (kadayif) » деп атайды.