Аскорбин қышқылы



бет6/6
Дата02.11.2022
өлшемі24,01 Kb.
#47003
1   2   3   4   5   6
В6 витамині (пиридоксин) май және амин қышқылдарының алмасуына қатысатын ферменттердің құрамына кіреді. Ересек адамның осы витаминге тәуліктік қажеттілігі – 2 мг [1].
В6 витаминінің жеткіліксіздігінде жүйке жүйесі қызметінің бұзылыстары, дерматиттер дамиды.
В6 витаминіне өте бай үрмебұршақ пен соя (0,9 мг%), ет өнімдері (0,3-0,4 мг%). Балықтағы (0,1-0,2 мг%), көптеген көкөністер мен жемістердегі (0,1-0,2 мг%) мөлшері аз. В6 витаминің бір бөлігі микроорганизмдердің көмегімен адамның ішегінде түзіледі. Бірақ антибиотиктерді қабылдағанда, олардың тіршілігі жойылып, В6 витаминінің жеткіліксіздігі дамуы мүмкін.
В6 витаминін тұтынудың орташа адам санына шаққандағы мөлшері тәулігіне 2,4 мг тең [1], яғни ол қалыпты мөлшерге жақын (2 мг/тәу).
В6 витаминінің жеткіліксіздігі жүкті әйелдерде, әсіресе токсикоз кезінде, атеросклерозбен ауыратындарда, бауырдың созылмалы ауруларында байқалуы мүмкін. Емізулі нәрестелерде В6 витаминінің жеткіліксіздігі жасанды қоректендіру кезінде дамуы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет