Аскорбин қышқылы



бет5/6
Дата02.11.2022
өлшемі24,01 Kb.
#47003
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
суда еритін витаминдер

B12 витамині (кобаламин) амин және нуклеин қышқылдарының алмасу реакцияларына, қан жасау үрдістеріне қатысатын ферменттердің құрамына кіреді. Витаминді жеткіліксіз тұтынғанда анемия дамиды, жүйке жүйесінің қызметі бұзылады, әлсіздік, бас айналу, ентігу пайда болады, тәбет төмендейді.
B12 витаминінің жалғыз көзіне жануар текті өнімдер жатады. Өсімдіктер құрамында В12 витаминінің құрамдас бөлігі – кобальт көп болса да) оны синтездей алмайды. В12 витаминінің көп мөлшері сиыр бауырында (60 мкг%), бүйректе (25 мкг%) кездеседі. B12 витаминінің еттегі мөлшері 2 - 4 мкг%, балықта - 1 - 3 мкг%, сүтте - 0,4 мкг%, ірімшікте - 1 - 2 мкг%.
Ересек адамның B12 витаминіне қажеттілігі тәулігіне 3 мкг. Негізінен бұл витаминнің адам бауырындағы қоры жеткілікті, B12 авитаминозын болдыртпау үшін 1-2 жылға жетеді. Біздің елімізде бұл витаминнің жаппай жеткіліксіздігі анықталған жоқ. B12 витаминін тұтынудың орташа адам санына шаққандағы мөлшері тәулігіне 5,4 мкг тең, яғни ол қалыпты мөлшерден асып түседі. Бірақ жануар өнімдерін тұтынбайтын вегетариандықтарда B12 витамині жеткіліксіздігінің дамуы ықтимал.
В5 витамині (пантотен қышқылы) – липидтер мен амин қышқылдарының алмасуында маңызы зор ферменттердің құрамына кіреді. Пантотен қышқылының жеткіліксіздігі өте сирек кездеседі (мысалы, ұзақ уақыт ашыққанда). Ол селқостықпен, аяқтың саусақтарында шаншу, ұйып қалу сезімімен сипатталады.
Пантотен қышқылының көп мөлшері нан пісіретін жаншылған ашытқыда 4-5 мг%, малдың бауырында 6-7 мг%, бүйректе 3-4 мг%, аз мөлшерде етте 0,6-1,0 мг%, балықта 0,3-0,8 мг%, бұршақ тұқымдастарда 1-2 мг%, сүтте 0,4 мг% кездеседі; көптеген көкөністер мен жемістерде оның мөлшері 0,1-0,5 мг% аспайды.
Ересек адамның пантотен қышқылына тәуліктік қажеттілігі шамамен 5-10 мг. Көбінесе ол қалыпты рационмен толық қанағаттандырылады.
Н витамині (биотин) амин және май қышқылдарының алмасуын реттейтін ферменттердің құрамына кіреді. Биотиннің жеткіліксіздігі кезінде аяқ-қолдың, беттің дерматиті дамиды, жүйке жүйесінің қызметі бұзылады.
Биотиннің көп мөлшері бауыр мен бүйректе 80 - 140 мкг%, сояда 60 мкг%, аз мөлшері жұмыртқада 28 мкг%, бұршақта 19 мкг%, сүт пен етте шамамен 3 мкг%; көптеген көкөністер мен жемістерде 0,1 - 2 мкг% кездеседі.
Биотинге қажеттілік тәулігіне 0,15 - 0,30 мг. Биотиннің жаппай жеткіліксіздігі елімізде анықталған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет