Асқорыту жүйесі биохимия асқорыту туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет13/22
Дата12.05.2023
өлшемі1,2 Mb.
#92704
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
17.Ішек сөлінің құрамы 
Ішектік сөл – тұнбалы, тұтқыр сұйықтық, тәулігіне 2,5 л бөлінеді. Бруннерлі 
бездердің жасушаларында муцин және зимоген. Оның сөлі әлсіз реакциялы, 
май, белок көмірсу аздап ыдырап, либеркюнді бездер он екі елі ішек кілегей 
қабырғаларында және барлық ішектерде орналасқан.
Сұйық және тығыз 
бөлімінен тұрады. Сұйық бөлімінде неорганикалық және органикалық заттар 
ерітіндісімен қаннан тасымалданатын сұйықтықтар болса, тығыз бөлімінде 
сарғылт масса, фермент белсенділігі жоғары.Сонымен қатар
ішек сөлінің 
құрамында су, ағзалық, бейағзалык заттар және 20-дан астам ферменттер 
болады. Олар түрлі тағамдарды ыдыратып, денеге сіңуіне жағдай жасайды. 
Ішек сөлінің бөлінуі рефлекстік және гуморальдық жолдармен реттеледі. Ішек 
сөлі — аш ішектің ішкі сілемейлі қабығындағы көптеген ұсак бездерден 
бөлінеді. Аш ішекте астың одан әрі корытылуы өттің және ішек сөлінің 
әсерінен жүреді. ішек сөлі - түсі күңгірттеу сұйыктык. Ішек сөлінің әсерінен 
қарыннан тамакпен бірге келген қышкылды орта жойылады. ішекке карыннан 
түскен тағамның әсерінен ішек сөлі үздіксіз бөлініп тұрады. Ішек сөлінің 
бөлінуі рефлекстік және гуморальдық жолдармен реттеледі. 
Ішек сөлі жалпы бездерге тән секрециялық процесс негізінде бөлінеді.
Сонымен қатар ішекте сөл бөлудің голокриндік түрі де кеңінен
байқалады. 
Сөл бөлу барысында кілегейлі қабықтан көп мөлшерде эпителиоциттер с
ыдырылып, олар шырышты түйіршіктер түзеді. Осы түйіршіктерде ішек 
сөліндегі ферменттердің көп бөлігі шоғырланады, ал сыдырылған торшал
ардың орнына жаңа торшалар өсіп отырады. Олардың жаңару қарқыны
қарынның кілегей қабығымен салыстырғанда екі есе шапшаң жүреді.
Ішек сөлінің бөліну ерекшеліктері ішек қиындысын оқшаулау әдістері
мен зерттеледі.
Ішекке қарын сөлі өтісімен мұндағы орта кышқылдық жаққа ығысады да, 
соңынан ішекке қүйылған сөлдердің әсерімен қышқылдар бейтараптанады. 
Соңдықтан ұлтабар ұшында рН — 4,0—8,5 аралығында ауытқып 
отырады.Жалпы алғанда ішек сөлі ірімтіктелген түйіршіктері бар, щырышқа 
бай, лайлы сұйық . Ол тығыз бөліктен және сұйық заттан тұрады. Ішек сөлінің 
құрғақ затының құрамында натрий, калий, кальций элементтері, карбонаттар, 
хлоридтер сияқты бейорганикалық қосылыстар мен әр түрлі органикалық 
заттар — шырыш пен ас қорыту ферменттері (энтерокиназа, пептидазалар 
жиынтығы, амилаза, мальтаза, лактаза, сахараза, липаза) — болады.Ішек сөлі 
құрамындағы ірімтік түйіртпектер ішек кілегей қабығынан сыдырылып түскен 


эпителий Жасушаларынан, шырыштан және холестериннен тұрады. 
Түйіртпектер құрамында көп мөлшерде тұтылған (адсорбцияланған) 
ферменттер болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет