Асқорыту жүйесі биохимия асқорыту туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет7/22
Дата12.05.2023
өлшемі1,2 Mb.
#92704
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Statherin-белоктар. Бұл белоктардың құрамында тирозин коп. Тіс 
беткейіндегі фосфорлы-кальцийлі тұздардың преципитациясын ингибирлейді, 
яғни минерализация үрдістерін реттейді. Қан тобын анықтайтын антигендер. 
Бұл антигендер (а, b) барлық адамдардың эритроциттерінің беткейінде 
болады, ал адамдардың 75%-нда олар сілекейге бөлінеді. Нольдік қан тобы бар 
адамдар- да «h» (h-human) деген зат бар. Сот медицинасында сілекей қан 
топтарын анықтауға қолданылады. 
6.Сілекейдің бейорганикалық құрамдас бөліктері; 
Натрий, калий, хлор сілекейдің осмостық қысымын және иондық күшін 
қамтамасыз етеді. Бейорганикалық заттар буферлік жүйенің (бикарбонаттык, 
фосфаттық, белоктық) кұрамына кіреді.
Кальций. Сілекейдегі кальцийдің қалыпты жағдайдағы мөлшері 2,1-2,3 
ммоль/л. Кальцийдің 50%-ы ионданған күйде, 15%-ы белоктармен, цитратпен 
және кальций фосфатымен байланысқан күйде болады.
Фосфаттар. Сілекейдегі фосфаттардың қалыпты жағдайдағы мөлшері - 2,9-
6,4 ммоль/л. 95%-ы бейорганикалык заттардың құрамында, 5%-ы органикалық 
фосфаттың құрамында болады. 67-75%-ы гидроксифосфат, аз бөлігі 
дигидрофосфат түрінде, ал фосфаттың қалдықтары одан аз болады. 
Гидроксифосфат - тіс эмалінің гидроксилапатиттерінің гидролиз өнімі. Жас 
ұлғая келе сілекейде хлоридтер мөлшері азайып, кальций мөлшері артады, бұл 
тіс тастарының түзілуіне әкеледі. Хлоридтер альфа-амилазаның активаторы 
және олар миeлопероксидазды жүйенін кұрамына кіреді.
Иодидтер мен роданидтер. Сілекейде кан сарысуымен салыстырғанда 
йодидтер 10-100 есе коп. Қалыпты жағдайда сілекейде роданидтер 


(тиоцианиттар – CNS- ) өте аз мөлшерде болғанмен, шылым шегетін 
адамдарда және пародоптит кезінде олардың мөлшері 2-10 есеге дейін артады.
Ауыр металлдар. Егер организмге көп мөлшерде күміс, сынап, корғасын 
түссе, олар Ag+, Hg+, Hb2+ түрінде сыртка шығарылады. Қызыл иек 
жүлгесінде олар микроорганизмдердің қатысуымен H2S-н әрекеттесін, қара 
түсті сульфидтер түзеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет