Өңеш (лат. esopagus — өңеш) (esophagus) – адамның ас қорыту жүйесінің ауыз қуысы мен жұтқыншақты асқазанмен жалғастыратын бөлімі. Өңеш адамда түтік тәрізді, ұзындығы 25 см-дей, диаметрі 16 – 22 мм (созылғанда), қалыңдығы 3,5 – 5,6 мм. Өңеш мойын, көкірек, құрсақ бөлімдерінен тұрады. Оның қабырғасын ішкі – кілегейлі, ортаңғы – етті, сыртқы – көкірек және құрсақ бөліктерін сірлі қабық, мойын бөлігін адвентиция (қан тамырының сыртқы дәнекер қабығы) құрайды. Кілегейлі қабығында кілегей бөлетін альвеолалы түтікше бездер орналасады. Өңештің кілегейлі қабығын көп қабатты эпителий астарлайды. Тағам Өңеш бойымен ет қабатының жиырылуынан және тағамның өз салмағынан төмен қарай жылжиды.

Өңеш шырышты қабықшадан, шырыш асты негізден, бұлшық етті және адвентициальды қабықшадан тұрады. Шырышты қабықша мен шырыш асты негіз өңеште оның саңылауына орналасқан 7-10 бойлай қатпарларды түзейді.

Өңештің шырышты қабықшасы эпителиден, меншікті және бұлшық етті табақшадан құралған. Шырышты қабықшаның эпителиі көп қабатты жазық мүйізденбейтін, бірақ егде адамдарда оның үстіңгі жасушаларының мүйізденуге ұшырауы мүмкін. Эпителий қыртысының құрамында 20-25 жасушалық қабат бар. Адам өңешіндегі эпителийдің үстіңгі қабатының жазық жасушаларында кератогиалиннің аздаған мөлшері болады.
Шырышты қабықшаның меншікті табақшасы эпителийге еніп тұратын дәнекер ұлпалық бүртіктерді түзейді. Онда шырышты без өзектерінің айналасында лимфоциттердің үлкен шоғыры орналасып, тіпті жекелеген лимфа түйіндерін де құрайды. Меншікті табақшада өңештің кардиальды бездері орналасқан. Олар екі топ түрінде көрінеді.
Өңештің шырышты қабықшасының бұлшық етті табақшасы эластикалық талшықтардың торымен қоршалған жазық бұлшық ет жасушаларынан тұрады. Өңештің шырыш асты негізі шырышты қабықшаның бұлшық ет қабықшасына қатысты алғандағы қозғалғыштығын қамтамасыз етеді. Шырышты қабықшамен бірге ол тамақты жұту кезінде жазылатын көптеген бойлық қатпарларды құрайды. Шырыш асты негізінде өңештің меншікті бездері орналасады.