Аспан сферасы және астрономиялық координата жүйесі



бет3/5
Дата19.05.2023
өлшемі1,26 Mb.
#95293
1   2   3   4   5

Аспан сферасы – бұл өз бетінше радиустың қиялдағы сферасы. Оның центрі шешілетін тапсырмаға байланысты кеңістіктің қандай да бір нүктесімен бірлеседі. Тік сызық аспан сферасының бетін екі нүктеде кесіп өтеді: жоғарғы Z –зенитте– және төменгі Z' – надирде. Математикалық көкжиек – аспан сферадағы үлкен шеңбер, оның жазықтықтығы тік сызыққа перпендикуляр. Математикалық көкжиектің N нүктесі солтүстік нүкте деп аталады, S нүктесі – оңтүстік нүкте деп аталады. NS сызығы – жарты күндік сызық деп аталады. Аспан экваторы- әлем осьіне перпендикуляр үлкен шеңберді атайды. Аспан экваторы математикалық көкжиекпен шығыс E және батыс W нүктелерінде қиылысады. Аспан меридианы- аспан сферасының үлкен шеңбері, ол Z зенитінен, Р әлем полюсінен, Р' әлемнің оңтүстік полюсінен, Z' надирден өтеді. Әлем осьі аспан сферасының Р және Р' нүктелерінде - әлем полюсінде қиылысады. Эклиптика (гректің ekleipsis – тұтылу), астрономияда – аспан сферасындағы үлкен шеңбер, күн қозғалысының жылдық траекториясы көктемгі және күзгі күн мен түннің теңелуі нүктелерінде аспан экватормен 23°27’ бұрыш астында қиылысады эклиптиканы бойлай зодиак шоқжұлдыздарды орналасқан. Былай айтқанда, эклиптика жоқ, ол абстракты ұғым.

Жер шарын, экватор жазықтығына параллель жазықтықтар мен қиятын жазықтықтың сызықтарын параллель сызықтар деп аталады . Жер шары беттерінің жазықтықтарын, жердің айналу осьі арқылы қиятын жазықтықтардың сызықтарын меридиандар аталады. Георгафиялық еңдік – бұл экватор жазықтығы мен нүктедегі тік сызық арасындағы бұрыш, ол 4.5.суреттегі көрсетулермен анықталады да мен белгіленеді. Еңдік нольден (экваторда) 90о- қа дейін(полюстарда). Солтүстік және Оңтүстік полюс жағындағы ендіктер сәйкесінше солтүстік, не оңтүстік еңдік деп аталады. Георгафиялық бойлық - бұл бастапқы болатын меридиан жазықтығымен нүкте арқылы өтетін меридиан жазықтығының арасындағы бұрышты айтады. Бастапқы (нолдік) меридиан деп Гринвич астрономиялық обсерваториясы (Англия) арқылы өтетін мердиан қабылданған



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет