Газбен дәнекерлеу жұмысындағы негізгі қауіпсіздігі: инфрақызыл сәулелену; ацетилин мен кислород баллондарының жарылу қауіптілігі, зиянды заттардың бөлінуі.
Газбен дәнекерлеу постын жертөледе орналастыруға рұқсат етілмейді. Уақытша дәнекерлеу постары ширма немесе қалқанмен қоршалуы тиіс. Дәнекерлеу постына 5 м жақын орналасқан ағаш қабырғалар кірпішпен қаланып немесе металмен қапталуы тиіс. Газбен дәнекерлеушінің жұмыс орнында стол, өңделетін детальдарға арналған жабдықтар болуы тиіс.
Оттықты салқындатуға арналған су толтырылған ыдыс болуы тиіс. Тұрақты жұмыс орнында жұмыста үзіліс кезінде оттықты (кескіш) ілуге арналған ілгіш болуы тиіс. Егер дәнекерлеушінің тұрақты жұмыс орнының едені бетон немесе асфальттан болса, оның үстінен ағаш торлар салынуы қажет.
Монометрлер мен редукторлар тек стандартты болуы тиіс. Шлангалар стандарт талаптарына сәйкес болуы тиіс. Оларды зақымданудан, жоғары температураның әсерінен, от пен жалыннан қорғау керек. Шлангілерді бұрап, шатастырып, айналдыруға рұқсат етілмейді. Олар арнайы қамыт көмегімен біріктіргіш ниппельге бекілуі тиіс.
Газ таратқыш құбырлар гермиттелген, ауа кірмейтін және жерге қосылған болуы тиіс. Жер бетіндегі (үстіндегі) ацетилен құбыры ақ түске, ал кислород (оттек) құбыры ашық көк түске боялуы тиіс.
Газ құбырларының тығыздығын тексеру үш айда бір рет жүргізіліп, акт жасалынады. Ацетилин және кислород редукторлары техникалық тексеруден өткізіліп, дәнекерлеу аппаратурасын қолдануға жауапты жұмысшы сынақтан өткізілуі тиіс.
Ацетилинді генераторлар тек жеке бөлмеде орналастырылады. Мұндайда рұқсат етілген минималды кубатурасы ацетилиннің өнімділігіне қарай таңдалынады: ацетилин 10 м3/с өнімділігіне, минималды рұқсат етілетін кубатура 60 м3/с болуы тиіс. Егер 20 м3/с - 80 және 30 м3/с, 100 м3. Айырғыш бөлмеден тыс жерде орналастырады.
Уақытша жұмыстарда бөлмеге тек бір ғана жалғамалы газ генераторын орнатуға болады, мұндайда мынадай шарттар сақталуы тиіс: карбид пен кальцийдің тиелуі 10 кг аспауы керек;
Бір мезгілде қуаттылығы 2 м3/с екі оттықтан артық қолдануға болмайды, газ генераторларын газбен дәнекерлеу жұмыс орнынан 10 м алыс орналастыру қажет. Генераторларды су қақпақтары түзетілген, генератор корпусына тығыз бекітілген және тігінен тұруы тиіс. Жұмыс алдында және жұмыс барысында су қақпаларының дұрыстығы, су деңгейі тексеріліп, қажет болса толтырылады.
Газ генераторымен жұмыста:
- қоңырауға қосымша жүк салынбайды;
- генератордың жүкке арналған жәшігіне кальций мен карбидті генератор құжатында көрсетілген мөлшерден төмен тиеуге болмайды;
- генераторға ашық отпен жақындауға, темекі тартуға болмайды;
- ацетилинді шлангіні мыс трубаға қосуға болмайды, ацетилинді мыстан жарылыс болуы мүмкін;
- жұмыс уақытында генераторды қараусыз қалдыруға рұқсат етілмейді.
Тасымалды генераторларды тексеру мен сынағы жылына 1 рет өткізілуі тиіс.
Газбен дәнекерлеу жұмысында оттықты (кескіш) тұтатқан кезде басында 1/4-1/2 айналымға кислород қақпағы ашыңқырайды, содан кейін ацетилин немесе басқа газдарды ашыңқырайды. Шлангілер оттыққа қосылмас бұрын алдын ала газбен үрленуі тиіс.
Дәнекерлеуге ұсынылған заттар мен детальдар бояуынан, майынан, басқада қатып қалған кірлерінен тазартылады. Көлемі үлкен ауыр заттарды дәнекерлеу немесе кесу кезінде жүк көтеруге арналған құралдарды қолдану қажет.
Электрмен дәнекерлеу жұмыстары Электрмен дәнекерлеу жұмысында жұмысшыларға қауіпті және зиянды өндірістік факторлар әсер етеді. Олар мынадай, электр тогы, ультракүлгін және инфрақызыл сәулелендіру, температураның көтерілуі, еріген металл және зиянды бөліністер (газдар мен шаң).
Электр тогынан зақымдану қауіпі әсіресе электродтардың ауысуы кезінде, онда электродтар 50-70 Вт қуат-қысымдылығында болады және ток жүретін желінің бүлінген тұсына жанасқанда және қатты қысымдағы жабдықтың бөліктерінде.
Электр доғасы жарық сәулелерінің жарықтығы көзге қатысты нормадан 103 рет жоғарылаған. Ультракүлгін сәулелер көздің қатынуына әкеледі (электроофтальмия). Көрінген сәулелер көз торлары мен тамыр қабатына әсер етеді, ал инфрақызыл сәулелері көздің мөлдір қабығы мен көз бұршағына әсер етеді.
Электр доғасы температурасы 4000 0С-қа жетеді, және дәнекерлеушінің жұмыс зонасындағы ауа 6-10 0С қызады да желдетуге жеткіліксіз, бұл дәнекершенің организмнің қызуына әкеледі.
Жұмыс орнында доғалық дәнекерлеу болады. Шудың шығу көзі негізінен дәнекерлеу доғамен қорек көзі саналады. Шудың адам организміне әсері дыбыстық қысым деңгейі мен спектральдік деңгейіне байланысты.
Металды пісіру мен кесу процесінде қауіпсіздік ережелерінің дұрыс сақталмауынан балқыған металдан жарақат алып, күюі де мүмкін. Сонымен қоса, электр доғасы мен металл балқытуда өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақталмауынан өрт шығуы да мүмкін.
Жоғары қысымдағы жүйені қолданғанда жарылыс қауіпі туындайды: дұрыс транспортирлеп немесе эксплуатацияланбаудан соққы әсерінен де жаралыс қауіпі туындайды. Сондай-ақбаллондардың қызуынан; жанғыз заттың буы мен ауада жарылғыш қосындылар пайда болуынан, жоғары температура мен ашық алаудың әсерінен.
Жоғары биіктікте дәнекерлеу жұмысын жүргізу, тиісті қорғаныс құралдарын қолданудан адамдар жарақаттанып, жұмысшылар биіктіктен құлауына әкеледі.
Жылжымалы машиналар мен өндіріс құралдарының жылжымалы бөлігі, қорғаныс құралдары болмаған жағдайда жылжытатындарда дәнекерлеушінің жарақаттануына әкеледі
Дәнекерлеу агрегаттары мен автоматты дәнекерлеу қондырғысы арасындағы өткел 1,5 м, бір постылы дәнекерлеу трансформаторлары немесе дәнекерлеу генераторы арасындағы өткел 0,5 м, ал қабырға мен бағана және дәнекерлеу автоматы арасы 1 м. Нүктелік және жіктік дәнекерлеу арасындағы өткел егер жұмыс орыны бір-біріне қарама-қарсы болса, онда 2 метр, ал ұштастырып дәнекерлеу машинасы арасы 3 м.
Зиянды заттарды аулау үшін, дәнекерлеу құрылғысына жалғасқан жергілікті желдеткіш қолданылужы ұсынады. Газбен дәнекерлеуде қолмен дәнекерлеуге қарағанда зиянды заттар аз бөлінеді деген пікір қалыптасқан. Шындығында әрбір жанған сымның 1 килограмынан, шамамен 2 есе аз дәнекерлеу шаңы бөлініп шығады.
Электрмен дәнекерлеу корпусы агрегаттар дәнекерлеу үстелі, кері өткізгіш қысқыштар сымдардың ұшы жерге қосылған болуы тиіс.