Аспектілер мен


«Шығысқа»:  • шешімдер;   • әрекеттер.    КІРІС



Pdf көрінісі
бет24/78
Дата07.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#18871
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   78
Байланысты:
Политическая система каз А5

«Шығысқа»: 
шешімдер;
 
• әрекеттер.
 
 КІРІС: қоршаған ортаның жүйеге әсері. Жүйеге қатынасы 
жағынан сыртқы болып табылатын және оған ықпал ететін 
кез  келген  оқиға.  Орта  саяси  жүйеге  оған  қойылатын 
талаптар мен қолдаулар арқылы (саясатты мақұлдау, саяси 
қатынасу,  салық  төлеу,  сайлауда  дауыс  беру  және  т.б.)  
немесе наразылық (қарсылық білдіру, күрес және т.б.) және 
енжарлық арқылы әсер етеді. 
Д.  Истон  «талаптарды»  билік  субъектілері  тарапынан 
бөлуге  міндеттейтін  заңға  сыйымдылық    туралы  пікір 
білдіру формасы ретінде айқындайды. 
Ол  талаптарды  ортадан  туындайтын  сыртқы  және 
жүйенің өзінен туындайтын ішкі деп бөледі.  
Талаптар  мәні  тұрғысынан    өзіндік,  қарапайым  болып, 
нақты әрекеттер мен құбылыстар арқылы ренішті немесе 
наразылықты  тікелей  білдіруі  мүмкін.  Мәселен,  елде 
қылмыс пен сыбайлас жемқорлықтың өршуі осы жағымсыз 
құбылыстармен  күресті  күшейту  талабын  ынталандыруы 
мүмкін.    


САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI 
33
Талап түрлері: 
а)  үлестіруші  (еңбекақысы  мен  жұмыс  уақыты  туралы, 
білім,  медициналық  және  басқа  да  қызметтерді  алу 
шарттары туралы); 
б)  реттеуші  (қоғамдық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету, 
өндіруші мен нарыққа бақылау жасау және т.б. туралы); 
в) коммуникативті (саяси ақпаратты жеткізу, саяси күшті 
пайдалану және т.б. туралы). 
Талаптардан саяси жүйені әлсірету үрдісі байқалады. 
Саяси  жүйені  жұмысқа  қабілетті,  тұрақты  күйде  сақтау 
үшін қолдау қажет. 
Д.  Истон  «қолдауды»  жүйені  қоршаған  ортамен 
байланыстыратын ауыспалылардың басты қосындысы деп 
санайды.   
Қолдау формалары түрлі болуы мүмкін: 
• салық және т.б. салымдар сынды материалдық қолдау
• жүйеге қызмет көрсету
• заңдар мен директиваларды ұстану
саяси өмірге қатысу
• ресми ақпарат пен билікке назар аудару және құрметпен 
қарау; 
әскери борышты өтеу
• билік құрушы басшылыққа берілгендік
• режимді қолдауға арналған шерулер өткізу
• патриотизм және т.б.  
«Қолдау» саяси жүйенің күшеюіне апарады. Ол жүйеге 
жағымды барлық позициялар мен мінез-құлықтың барлық 
нұсқаларын қамтиды. 
Қолдау  ортаның  талаптарын  тиісті  шешімдерге 
айналдыратын  билік  органдарының  салыстырмалы 
түрдегі  тұрақтылығын  қамтамасыз  етеді,  сондай-ақ 
қайта  құруларды  жүзеге  асыру  мақсатымен  практикалық 
шараларды орындау үшін қажетті жағдай жасайды. 
Қолдаудың  саяси  қауымдастық  мүшелері  арасында 
келісімді қамтамасыз ету ісінде үлкен маңызы бар.   
Д.  Истон  саяси  қауымдастықты,  саяси  режимді  және 
басқаруды  (билік)  саяси  жүйеде  қолдаудың  негізгі 
объектілері деп санайды: 


САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
34
1)  «саяси  қауымдастық»  —  саясатта  қызметті  бөлудің 
арқасында  бір  құрылымда  бір-бірімен  байланысқан 
адамдар тобы; 
2)  «режим»,  оның  негізгі  компоненттері  құндылықтар 
(мақсаттар мен қағидалар), нормалар мен билік құрылымы; 
3) «басқару» - саяси жүйенің күнделікті істеріне қатысатын 
және қоғам азаматтарының басым бөлігі өз қызметтерінде 
жауапты деп мойындалған адамдар. 
Объектілерге сәйкес қолдаудың үш түрі айқындалады: 
1) саяси жүйе, нормалар (конституциялық, құқықтық және 
т.б.) және билік құрылымы сүйенетін еркіндік, плюрализм, 
жеке меншік және т.б. сынды құндылықтарды қоса алғанда 
тұрақты  болжамдар  жиынтығы  ретінде  түсінетін  режимді 
қолдау; 
2)  билікті  қолдау,  яғни  ресми  және  бейресми    саяси 
институттардың  барлығын,  мәселен,  билік  қызметін 
атқарып жүрген харизматикалық көсемдерді қолдау;  
3) саяси қауымдастықты қолдау, саяси еңбектің бөлінуі 
тұрғысынан  бір-бірімен  байланысты  тұлғалар  тобын 
қолдау.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет