САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
36
отыр:
• біріншіден, сыртқа шығушы жүйелер және олардың
салдары (яғни, белгілі бір жағдайларда биліктің бейімделуі);
• екіншіден, ақпараттың өзі (яғни, жүйе жағдайы
және билік қызметінің жауап қату салдары туралы кері
мәліметтердің ағымы).
Жүйеге келіп түсіп жатқан импульстарға жауап қату
қабілетінің арқасында ғана кері байланыс тұрақтандырушы
қызметін орындай алады. Егер де билік қоғам өкілдерінің
талаптарына енжар қарап, өзінің ғана талаптары мен
идеяларына көңіл бөлсе, онда оның шешімдері мен
әрекеттері қолдау таппайды.
Жүйеге деген қолдаудың минималды деңгейін сақтауға
ұмтылып қана қоймай, қолдаудың жаңа базасын іздесе
немесе өзге режимді құрғысы келсе бұл жайт ерекше
ескеруді қажет етеді. Өзгерістер, бейімделу, өзін-өзі сақтау,
күш-жігерді қайта бағдарлау, мақсаттарды өзгерту – Д.
Истон мұның бәрін саяси жүйедегі шиеленістермен немесе
күйзелістерді еңсеруде көмекші ретінде санайды.
Саяси жүйеде туындайтын күйзелісті жағдайларды
еңсеру үшін ол қоршаған ортадан болып жатқан қысымды
әлсіретуі керек, шиеленіс тумауы үшін өзін өзі және сыртқы
айналасын өзгертуі тиіс. Егерде оның иелігінде
«жүйені
Достарыңызбен бөлісу: