Аспектілер мен


Тоталитарлық саяси жүйелер (қатаң гегемония)



Pdf көрінісі
бет44/78
Дата07.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#18871
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   78
Байланысты:
Политическая система каз А5

Тоталитарлық саяси жүйелер (қатаң гегемония): 
•  биліктің  қоғам  үстінен  орнатқан  идеологиялық  және 
әкімшілік монополиясы; 
• билік барынша орталықтанған, саяси рөлдер мәжбүрлі, 
күш  қолдану  мемлекет  пен  қоғам  арасындағы  өзара 
әрекеттестіктің негізгі әдісі болып табылады
• азаматтардың саяси қатысуы ритуалды және «жасанды» 
сипатта; 
•  саяси  тәртіптердің  осылайша  қол  жеткізілген 
тұрақтылығы  билік  құрушы  қабаттардың  мүддесіне  ғана 
қызмет етеді. 
Тоталитарлық  типтегі  саяси  жүйелер  (фашисттік 
Италия  мен  Германия).  Тоталитарлық  саяси  мәдениет 


САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI 
57
саяси белсенділіктің мәжбүрлі түрін жасайды. Онда ерікті 
түрде құрылған бірлестіктер жоқ, ал саяси өмір монолитті 
партияның бақылауында. 
Бұл  типтегі  жүйеде  мүдделердің  тәуелсіз  топтары  жоқ. 
Саяси  қатысу  «жасанды».  Мемлекет  қатаң  түрде  саяси 
коммуникацияны бақылауда ұстайды. Саяси «өзіндік әрекет 
етуге» тыйым салынған.  Тоталитарлық жүйелерге шектен 
тыс орталықтану мен күш қолданудың жоғары деңгейі тән.
27
Француз саясаттанушысы Жан Блондель саяси жүйелерді 
мазмұны  мен  формасына  қарап  жіктейді  де  олардың  бес 
негізгі түрін бөліп көрсетеді: 
1) либералды демократтар саяси шешімдер қабылдағанда 
индивидуализм,  еркіндік,  жеке  меншік  құндылықтарына 
бағдар ұстанады
2)  коммунистік,  немесе  авторитарлық  -  радикалдық 
жүйелер,  теңдік,  әлеуметтік  әділеттілік  құндылықтарына 
бағдар ұстанады; 
3)  дәстүрлі  саяси  жүйелер  басқарудың  олигархиялық 
формасына  сүйенеді,  экономикалық  ресурстар  мен 
әлеуметтік  мәртебелердің  теңдей  бөлінбеуіне  бағдар 
ұстанады; 
4)  популистік  саяси  жүйелер  дамушы  елдерде  басым 
көрініс  табады,  басқарудың  авторитарлық  әдістерін 
қолданады, игіліктерді бөлуде көбірек теңдікке ұмтылады; 
5)  авторитарлық-консервативтік  саяси  жүйелер 
әлеуметтік және экономикалық теңсіздікті сақтау, халықтың 
саяси қатысуын шектеу мақсаттарын көздейді. 
Американдық саясаттанушы С. Хантингтонның 1990-шы 
жылдардың  орта  тұсында  айтқан  пікіріне  орай,  қазіргі 
заманғы күрделену үстіндегі әлемде саяси қақтығыстардың 
басты  қайнар  көзі  әлеуметтік  (таптық,  этникалық)  топтық 
қақтығыстарды  көрсететін  идеология  емес,  мәдени 
компоненттер болып табылады. 
Оның  үстіне,  «жаһандық  саясаттың  ең  қомақты 
қақтығыстары түрлі өркениетке жататын ұлттар мен топтар 
27 
Қараңыз: Almond A. G., Verba S. The Civic Culture: Political Attitudes and Democracy 
in  Five  Nations.  Boston,  1963;  Сидельникова  Т.  Т.,  Темников  Д.  А.,  Шарагин  И.  А. 
Политология: комментарии, схемы, афоризмы. М.: ВЛАДОС, 1999. - С. 75.


САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
58
арасында тұтанатын болады».
Басқаша  айтқанда,  өркениеттік  құрылымдар  арасында 
қылаң  беріп  келе  жатқан  немесе  пайда  болып  үлгерген 
«сызат» жолағы саяси жүйелерді ажырату жолағы болады. 
Осы сынды салыстырмалы түрде автономды және дербес 
саяси жүйелер ретінде келесі өркениеттерді бөліп көрсетеді: 
• батыстық; 
• конфуциандық; 
жапондық
• исламдық; 
• индуистық; 
славяндық-православтық
• латынамерикалық; 
• африкалық. 
Адамзат  қауымының  ең  кең  деңгейін  көрсететін  бұл 
өркениеттер, сөзсіз белгілі бітұтастыққа қана емес, белгілі 
бір  әртектілікке  ие.  Мәселен,  Жапония  жағдайын  алсақ, 
өркениет бір елді қамтып тұр, алайда басқа нұсқалардың 
көбінде  мұндай  саяси  жүйелерге  түрлі  ұлт-мемлекеттер 
қосылуы мүмкін.  
Бұл саяси жүйелер қарым-қатынасының ерекше сипаты 
олардың  арасындағы  қарама-қайшылықтарды  еріксіз 
түрде  күшейте  береді,  жекелей  алғанда  мемлекетаралық 
теке-тірестің аймақтық сипаты, мемлекеттік шекаралармен 
бөлінген халықтардың территориялық арыз-талаптарының 
кеңеюі т.б.
28


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет