Ассоциации «общенациональное движение «бобек» конгресс ученых казахстана



Pdf көрінісі
бет28/95
Дата20.07.2023
өлшемі2,63 Mb.
#104575
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   95
Байланысты:
11 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

А оқушы:
Ұйқым жақсарды. Бастапқы кезеңде омыртқа тұсында ауырсынулар 
пайда болды. Дегенмен уақыт өтекеле ауырсынулар өтіп, жалпы дененің физикалық 
жағдайы жақсарды. Жаттығулар оң әсерін тигізді. 
В оқушы:
Мен жаттығуларды тек мектепте жасаймын, үйде жасамаймын. Соның 
әсеріненбе, эффект байқалмайды. Жаттығу жасап жатқанкез де өзімді сергек сезінемін, 
бірақ сабақта партада отырған кезде қайтадан бүкірейіп кете беремін. 
С оқушы:
Таңертең жаттығу жасаған ұйқымдыашады, жаттығу жасау кезінде 
иығым демалып қалады. Жалпылай айтқанда, оң әсерін тигізіп жатыр. 
Зерттеу жүргізудің екінші кезеңінде оқушылардың омыртқаларын түзертуге 
арналған жаттығулар кешені жасалынды. Себебі, оқушылардың оқу партасында ұзақ 
отыруы әсерінен олардың омыртқа аралық дисктері өзінің икемділігін жоғалтып алуы 
мүмкін екендігі ескерілді. Кей кездері олар сол омыртқалардың арасында қысылып та 


SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: 
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
 
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 
27 
қалып жатады тәжірибелерден белгілі. Біреулерінде қатты үйкеліп, жанасуы себепті, түсіп 
қалуы да ғажап емес. Осы мүмкін болатын қиындықтардың алдын алу мақсатынды, 
үстелде отырып және гимнастикалық төсеніште жасайтын жаттығу кешенін ұсындық. 
Қандай қозғалыс болмасын, жаттығу кезінде дұрыс тыныс алу өте маңызды және әр 
жаттығуды екі, үш рет қайталап жасалынды. Оқушылардың осы қимыл-қозғалыс жаттығу 
түрлерінің орындауына бақылау жүргізу нәтижесінде олардың, сәл де болсын, қан 
айналымының еркін жүруіне жол ашылғандығы байқалды.
 (Жаттығулар, қосымша-2)
Қорытынды
 
 
Сабақ арасындағы үзілістер кезіндегі жаттығулардың бірінші кезеңінен екінші 
кезеңіне ауыстырып орындау арқылы оқушылардың жұмыс істеу қабілетін бір шама 
қалпына келгендігі көрінді. Сонымен қатар ұсынылған жаттығулар жүрек пен өкпе 
қызметін жақсартып, миды оттегімен қамтамассыз ететіндігі байқалды. Омыртқаны 
қисайтпау үшін сабақ үстінде немесе үй жағдайында сабаққа дайындалу кезінде дене 
қалпын бірқалыпты түзу ұстау өте маңызды екендігінен көз жеткіздік. Зерттеу жүргізуге 
таңдап алған сыныбымыздағы оқушылардың сабаққа деген ынтасы, зейіні, жұмыс 
қабілетінің артқаны көрінді және басқа сыныптардың біршама оқушылары өз 
денсаулықтарын ойлап жаттығуға келгендеріде болды. Бақылауға алынған А, В және С 
деңгейілі оқушылар бойынша алынған кері байланыс: 
А оқушы: Бастапқы кезеңде омыртқа тұсында ауырсынулар пайда болды. Дегенмен 
уақыт өтекеле ауырсынулар өтіп, жалпы дененің физикалық жағдайы жақсарды. 
Жаттығулар оң әсерін тигізді. 
В оқушы: Жаттығу жасау таңертең ұйқымды ашып, сергітеді. Жаттығуларды сабақ 
күндері 2 рет, демалыс күндері 1 ақ ретжасаймын. Жаттығулар әсерінен өзгерістер бар деп 
айталамын. 
С оқушы: Таңғы жаттығулар мен үшін өтепайдалы болды. Мен осы жаттығулар 
арқылы, бұлшықеттерімдегі кейбір теріс әсерлердің жоғалуын байқадым. Сонымен қатар, 
осы жаттығуларды тек мұғалімдермен емес, жеке өзім бөлек қалғанда да жасаумен, 
омыртқамның жақсаруына алып келді. 
Осы екінші кезеңінде мектеп дәрігерінен тексеруден өткізу болатын, бірақ 
өткізілмеді. Әлемде орыналған коронавирусқа жариялаған төтенше жағдайға байланысты 
зерттеуіміз тоқтап, қашықтықтан оқытуға көштік. Бұл жағдайда оқушыларға тимс 
платформасы арқылы онлайн жаттығулар беріліп, қадағаланды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет