, Егер 95 пайыз сенім аралығына 0 саны кіретін болса, онда екі таңдама пропорциялардың айырымының арасында айырмашылы жоқ деген қорытынды жасаймыз, ал 0 саны кірмейтін болса керісінше болады.
Салыстырмалы қауіп-қатер немесе қауіп-қатерлер қатынасы (RR-relative risk, risk ratio)
Салыстырмалы қауіп-қатер – бұл зерттелушілердің арасында фактордың ықпалынан пайда болған нәтижелер жиілігінің осы фактордың ықпалына ұшырамаған зерттелушілерде пайда болған нәтижелер жиілігіне қатынасы.
Салыстырмалы қауіп-қатер көрсеткішінің есептеу қажеттілігінің тарихы
Медициналық статистикада салыстырмалы қауіп-қатерді есептеу экономикадан алынды. Тауарға немесе қызмет көрсетуге қажеттілікке саяси, экономикалық, және әлеуметтік факторлардың ықпалын дұрыс бағалау- табысқа алып келуі мүмкін, ал дұрыс бағалай алмау (бағаламау) – қаржылық сәтсіздіктерге және өнеркәсіптің құлдырауына әкеліп соғады.
Салыстырмалы қауіп-қатер не үшін қолданылады?
Салыстырмалы қауіп-қатер, қауіп-қатер факторына байланысты нәтиженің пайда болу ықтималдықтарын салыстыру үшін қолданылады.
Мысалы, шылым шегудің гипертониялық аурулардың жиілігіне ықпалын бағалағанда, сүт безі обыры (емшек қатерлі ісігінің) жиілігінің оральды контрацептивтерді қабылдауға байланыстылығын зерттегенде және т.б. Салыстырмалы қауіп-қатер – белгілі бір емдеу әдістерін тағайындағанда немесе болуы мүмкін жанама әсерлерге зерттеу жүргізгенде ең маңызды көрсеткіш.
Фактор мен нәтиже көрсеткіштері номинальды шкалада өлшенулері тиіс. Мысалы, пациенттің жынысы – ер немесе әйел, артериялық гипертония – бар немесе жоқ.
Бұл әдіс тек төртторлы кестелерді, фактор да, нәтиже де бинарлы айнымалылар болғанда (яғни тек қана екі мүмкін мәндері бар) талдау жүргізуге мүмкіндік береді.