Медициналық статистикада қандай да бір факторлардың әсерінен оқиғаның пайда болу қауіп-қатерінің өзгеруі зерттеледі.
Пациенттер шартты түрде 2 топқа бөлінеді, олардың біреуіне фактор ықпал етеді, екіншісіне ықпал етпейді.
Қауіп-қатерлік (risk)
Қауіп-қатерлік этиологияны (қауіп-қатер факторлары, немесе қорғаныс факторлары), диагностиканы (бар ауруды айқындау ықтималдығы), емдеу (қолайлы емес оқиғаның пайда болу немесе жазылу ықтималдығы), аурудың алдын-алу, болжау (белгілі бір популяцияда аурудың белгілі бір сатысында пайда болуы мүмкін оқиға) зерттеулерінде негізгі ұғым болып саналады.
Қауіп-қатерлік (risk)
Қауіп-қатерлік оқиға пайда болған адамдар санының белгілі бір фактордың ықпалында бақыланып отырған адамдар санына қатынасымен есептеледі.
Қауіп-қатерлік медицинада оқиғаның пайда болу ықтималдығын алдын-ала болжауда, оның пайда болу себептерін анықтауда, диагностикалық критерийлерді және олардың шынайылықтарын анықтауда, емдеу мен аурудың алдын-алуды бағалауда қолданылады.