Кәсіби қазақ тілі Симона де Бовуар
Симона де Бовуар 1965 жылы бір сұхбатында «Мен əр уақытта
жұмыс істеуге құлшынып тұрғанмен, соған қарамастан жұмыстың
алғашқы сағаттарын ұната бермеймін. Алдымен шай ішіп алам да,
артынша 10 сағатқа жұмыс үстеліне тапжылмай отырып, өнімділік-
ті сағат сайын арттыруға тырысамын. Сосын достарыммен кез-
десіп, сағат 5-терге жуықтап қалғанда жұмысқа қайта оралып, 9-ға
дейін айналысамын. Менде əңгіменің желісіне қайта оралуда қиын-
дықтар болып көрген емес. Үзіліс аралығында газет оқуға, дүкен
аралауға кірісемін. Көбіне жұмыстан лəззат алып отырамын.
Егер жазғаным дау туғызып жатса, онда 15-30 минутымды мəтін-
ді бір қайтара оқып шығуа жіберемін. Күндіз жазғаныма азғантай
өзгерістер енгіземін. Сосын тоқтаған тұстан қайта жалғастыра-
мын. Сюжеттік желіні қайта табу үшін маған жазғанымды бір оқып
шықсам жеткілікті.
(massaget.kz)