Сөзжасамның тəсілдері 1. Түркі тілдері, соның ішінде қазақ тілі қосымшалы тілдер
болғандықтан, туынды сөз жасауда синтетикалық тәсіл үлкен қыз-
мет атқарады. Бұл тәсіл арқылы туынды сөз жасау үшін оған екі-
тілдік бірліктің қатысуы керек:
– лексикалық мағыналы сөз;
– сөзжасамдық жұрнақ.
Лексикалық бірлік туынды сөздің мағынасына арқау болады,
сондықтан туынды сөз жасауға лексикалық мағыналы сөздер қа-
тысады.
Сөзжасамның синтетикалық тәсілі сөзжасамдық жұрнақтар
арқылы туынды түбір сөздер жасап, тілді байытып отырады. Туын-
ды түбірдің мағынасы негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтың мағы-
насынан жасалады. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды
сөздер туынды түбір деп аталады. Мысалы, үгітші, қаламгер, әсемпаз, сәнқой, бәлеқор, ботақан, кұлыншақ, бөлім, бөлме, ақта т.б.
2. Аналитикалық тәсілде екі сөз бір-бірімен тіркесіп, жаңа лек-
сикалық мағыналы сөз жасайды. Аналитикалық тәсіл арқылы