Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет110/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   249
Байланысты:
Журналистика казак тил

Кәсіби қазақ тілі
Туынды сөздер
(Производные слова)
Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді туынды сөз 
дейміз. 
Мысалы: Ән+ші, оқу+лық, жұмыс+шы, дос+тық, сый+лық, та-
лап+кер, қызмет+кер.
Есім сөзден зат есім тудыратын жұрнақтар:
1. -шы, -ші: жазушы (писатель), аудармашы (переводчик), тілші 
(корреспондент).
2.  -шылық,  -шілік:  адамшылық  (человечность),  адамгершілік 
(гуманность).
3. -лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес: замандас (современник), құр-
дас (ровестник), жерлес (земляк), сыныптас (одноклассник).
4. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: шеберлік (мастерство), орын-
дық (табуретка, стул), достық (дружба), өсімдік (растение).
5. -хана: асхана (столовая), дәріхана (аптека), емхана (поликли-
ника), перзентхана (роддом, родильный дом).
Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар:
1. -м, -ым, -ім: төзім (выдержка), ұғым (понятие), қысым (дав-
ление).
2. -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: көрме, сүзбе, кеспе.
3. -қы, -кі, -ғы, -гі: шалғы (коса), бұрғы (сверло, дрель).
4. -с, -ыс, -іс: жеңіс (победа), талас (спор), айтыс (дискуссия), 
жүріс (ходьба, ход).
5.  -қ,  -к,  -ық,  -ік,  -ақ,  -ек:  сұрақ  (вопрос),  қонақ  (гость),  тарақ 
(расческа), күрек (лопата), тілек (пожелание).
6. -ыш, -іш: қуаныш (радость), өкініш (сожаление), сүйініш (вос-
торг).
7. -н, -ын, -ін: жуын (умойся), түйін (завязь).
8. -у: сабау (бить), жамау (заплата), көсеу (кочерга).
9. -ынды, -інді: шайынды (помои, ополоски), үйінді (глыба, на-
нос).
10. -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш: басқыш (ступенька), сүзгіш (фильтр), 
сыпырғыш (веник), білгіш (знаток).


114


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет