Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет108/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   249
Байланысты:
Журналистика казак тил

Жағыпарова Майра
14-сабақ
БАСПАСӨЗ
Баспасөз – халықтың қоғамдық-әлеуметтік ой-пікірін оятуға, 
мәдени-әдеби  дүниетанымын  қалыптастыруға,  кеңейтуге  әсер 
ететін  бірден-бір  құрал.  Баспасөз  –  халық  арасында  әртүрлі 
ақпараттар тарата отырып, қоғамдық және саяси пікір қалыптас-
тыруға, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлға-
лардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Баспасөз – 
мерзімді және мерзімсіз басылымдардың жиынтық атауы. 
Мерзімді  баспасөзге:  тұрақты  атауы,  ағымдағы  нөмірі  бар 
және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, 
альманах,  бюллетень,  олардың  қосымшасы  жатады.  Мерзімді 
баспасөздің ең негізгі әрі көне түрлерінің бірі – газет. 
Алғашқы газеттер Батыс Еуропада (Германияда – 1609 жылы, 
Ұлыбританияда  –  1622  жылы,  Францияда  –  1631  жылы)  шыға 
бастады. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімдік басылым – 1870 жылы 
Ташкент қаласында жарық көрген «Түркістан уәлаятының газеті».
Баспасөздің  екінші  түрі  –  мерзімдік  емес  басылымдарға 
кітаптар,  кітапшалар,  плакаттар,  күнтізбелер,  ноталар  т.б.  жа-
тады. Оның ең негізгі әрі көне түрі – кітап. Кітап басып шығару 
VIII–IX ғасырларда Қытайда басталды. 
Қазақ  тіліндегі  алғашқы  кітап  –  «Сейфүл-мәлік»  қиссасы 
1807 жылы Қазан қаласында жарық көрген. 
Қазіргі  кезде  Қазақстанда  1200-ден  астам  газет-журналдар, 
апталықтар  жарық  көреді.  Сондай-ақ,  әртүрлі  меншіктегі  260-
тан  астам  баспадан  мыңдаған  таралыммен  кітаптар,  буклеттер 
мен плакаттар т.б. шығады.
Республикадағы баспасөз жүйесінің қызметі ҚР-ның «Бұқа-
ралық ақпарат құралдары туралы» заңымен (1999, 23 шілде) рет-
теледі.


111


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет