Жағыпарова Майра ғаны оқушыларға неғұрлым тез, айқын, әсерлі түрде, ой толғар-
лық дәрежеде жеткізсе, ол соғұрлым бағалы, ықпалды да тартым-
ды болады. Репортажға тән нәрселер: репортер оқиғаның басы-
қасында болуы шарт. Сол оқиғаны дәл сол күйінде суреттеп жаза-
ды, оған өзінің қатысын білдіріп, оны қоғамдық пікір талабымен
толықтырады. Кез келген ұсақ-түйек оқиғалардың бәрі бірдей
репортаж жазуға негіз бола бермейді. Оның негізінде қоғамдық-
әлеуметтік маңызды оқиғалар жатуға тиіс. Оқиғалар толық, жан-
жақты, жүйелі түрде жазылады. Репортаж өмір шындығына сүйе-
неді. Тілі нәрлі, стилі тартымды келеді.