Кәсіби қазақ тілі 21-сабақ ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКА ЖАЙЫНДА Қазақ телевизиясы 1958 жылы құрылған.
Содан бері телевизия саласына келген
көптеген талантты тележурналистер халыққа
танылды. Сала бойынша маман даярлайтын
жоғары оқу орындары пайда болды.
Тележурналист Марат Барманқұлов жəне
Құдайберген Тұрсын телевизия журналисти-
касының өзекті мəселелерін тыңғылықты зерт-
теп, ғылым докторы дəрежесін қорғап, профессор атанды. Белгілі
журналист Қайнар Олжайдың, Серік Абасшахтың, Мақат Са-
дықтың кітаптары жарық көрді. «ҚазАқпарат» баспасынан «Қазақ
телевизиясы» атты көп томдық энциклопедия жарыққа шықты.
Отандық телеарналардың саны көбейе түсуде. Сондықтан
оны керекті мамандармен қамтамасыз ету үшін əл-Фараби атын-
дағы ҚазҰУ, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясымен қатар
Астанадағы Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-де жəне Қазақ ұлттық
өнер университетінде де телевизия саласының мамандары да-
ярлана бастады. Олардың сұраныстарына жауап беретін оқу-
лықтар көптеп шығарылуда.
Журналистің халыққа тез танымал болуына толық мүмкінді-
гі бар. Сондықтан екінің бірі тележурналист болуға ұмтылады.
«Телевизия журналисті атаққа да шығарады, орға да құлатады»
деген қанатты сөз бар. Себебі тележурналистің жұмысы милли-
ондардың көз алдында тым жария түрде ашық өтеді. Сəтті шық-
са – мақталасың, сапасыз жасалса – датталасың. Оның үстіне
біткен іске сыншы көп екендігін ұмытпауымыз керек.