Жағыпарова Майра 13-сабақ ЖУРНАЛИСТІҢ ӨЗІНДІК СТИЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ Журналистиканың әр жанрының өзіне тән стилі мен тілі бо-
лады. Журналист үшін тіл мен стильді жетік меңгеріп, оларды
шебер әрі орнымен қолдана білу өте маңызды. Журналистің
стилін оның шығармашылық басты сипаттары құрайды.
Әр газеттің өз стилі, тілі бар. Сондай-ақ, әр газеттің, әр
нөмірдің, әр нөмірдегі әр материал авторының стилі болады.
Тәжірибелі журналистердің өзіндік стилі мен қолтаңбасы қа-
лыптасады. Болашақ журналистер осының бәрін жетік меңге-
рулері керек. Мысалы, бір журналист материалды таңқаларлық
оқиға деңгейінде ұсынуға тырысады. Екінші журналист пробле-
ма көтеруге ұмтылады. Үшінші журналист ешқандай көзқарас
білдірмей жазады. Журналистердің стильдерінің әртүрлі болуы
кемшілік емес. Стильдік байлық – журналист имиджінің жоға-
ры болуына да әсер етеді. Сондықтан журналист шығарманың
жанрына қарай немесе бұқаралық ақпарат құралының түріне
қарай өз стилін өзгертіп отыруы мүмкін. Себебі баспаның
стилінің, радио, телевидение стильдерінің өзіндік талаптары бар.
Журналист тіл мен стильді теориялық тұрғыда меңгеріп қана
қоймай, практикалық тұрғыда өз туындыларында шебер қолда-
на білсе, белгілі бір нәтижеге қол жеткізгені деп айтуға болады.
Мәтінге қажетті сөздер және сөз тіркестері тəн – свойственный; присущий
жетік меңгеру – овладеть в совершенстве
өте маңызды – очень важно