1
ДЫБЫСТАР ТІРКЕСІ
Дыбыстар сөзді‚ сөздер сөз тіркесін‚ сөз тіркестері сөйлемді құрайды. Осылар арқылы ойды
білдіретін болсақ, онда сөйлеу дегеніміз дыбыстардың ұзыннан-ұзақ тіркесі болып шығады. Бірақ
олар тұтас тіркес емес, т‰йдек-т‰йдек тіркес. Жазуда сол т‰йдектер сөздің ыңғайына қарай іштей
бөлшектеніп кетеді. Әр т‰йдектегі көрші дыбыстар өзара ‰ндесіп, ‰йлесіп, кірігіп, тұтасып,
басқаша
айтқанда, бас т‰йістіріп, қол ұстасып, тіл табысып тұрады. Яғни дыбыстардың қатар
тұруында тарихи қалыптасқан тәртіп, ж‰йе, заңдылық бар. Тілді тіл етіп, бар табиғатын айқындап
тұрған да дыбыстардың осы қасиеті деп т‰сіну керек.
1
Лексикалық құрамы, грамматикалық құрылымы ұқсас қазіргі т‰ркі тілдері бірін-бірі жөнді ұға
алмай, т‰сіне алмай қалатын болса, ол
дыбыстардың әрқилылығынан емес, сол дыбыстардың
өзара қиюласып, ұқсасып‚ ұстасып тұру тәртібіне көп байланысты. Көне т‰ркі тіліне оларды
жақындататын да, алшақтататын да
негізгі тетік баршасына ортақ, ұқсас дыбыстардың сөздің
әрт‰рлі деңгейінде (басында, ортасында, соңында) өзге дыбыстармен қиюласу, тіркесу м‰мкіндігі
мен ерекшелігіне байланысты. Бұдан дыбыстар тіркесі фонетиканың өзекті мәселесі деген
қорытынды шығады.
Тек дыбыстарды транскрипциялаудың өзіндік қиындықтары (әсіресе баспа ‰шін) оларды
фонемалар деңгейінде қарауға мәжб‰р етеді.
Олай болса, фонемаларға негізделген біздің
жазуымызда
дыбыстар тіркесі фонемалар тіркесі екені есте болуға тиіс.
Дыбыстар тіркесі – тілдегі дыбыстардың бірімен-бірінің қатар тұру м‰мкіндігі, тарихи
қалыптасқан орны. Бұл – халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жетілген, ж‰йеленген
сөйлеу
өнерінің (қаруының) жемісі, нәтижесі. Осыны А. Байтұрсынұлы ерте т‰сініп‚ жақсы пайымдаған.
Ол тілдегі дыбыстарды: “Тілдің өзінің қойған орнынан басқа орынға қойса‚ онда ол қойғанымыз
ол тілше болмайды. Ол тілше болмаған соң‚ оның т‰бі – ол тілді бұзу‚ өзгерту болады”
1
‚ – дейді.
Қазақ тіліндегі негізгі ‰ндестік заңдар деп ж‰ргеніміздің өзі, айналып келгенде, дыбыстар
тіркесінің нәтижесі.
Бұл заң бойынша:
1. Бір сөз құрамында тек жуан дыбыстар немесе жіңішке дыбыстар ғана қатар тұра алады.
2. Сөз (т‰бір) ішінде, сөз бен қосымша, сондай-ақ сөз
бен сөздің аралығында қатаң
дауыссыздардан соң тек қатаңдар ғана тұра алады.
3. Әлгіндей жағдайда ұяңдардан соң тек ұяң дауыссыздар тұрады.
4. ‡нділерден соң ұяңдар, қала берді ‰нділер келеді. Міне, бұлар – б‰кіл тілдің болмыс,
бітімін айқындайтын,
өзге тілдерден ерекшелендіріп, айшықтандырып тұратын, ұзақ дамудың
нәтижесінде қалыптасқан, бұлжымас заңдылықтар.
Қазақ сөздерінің орыс графикасымен хатқа т‰се бастағанына бір жарым ғасыр болды. Өткен
ғасырда татар, шағатай ‰лгілерімен шұбарланған, немесе жазудың
шалағайлығынан дыбыстық
ж‰йесі б‰лінген араб графикасы негізіндегі жазуды айтпағанда, ‰ндестік заңының қақырауына
орыстардың да қосқан ‰лесі (білместіктен де болар) ескерілуге тиіс. Мәселен, алғаш (Н.
Ильминскийде)
бағлан т‰рде хатқа т‰скен сөз к‰ні б‰гінге дейін орфографиялық сөздіктерде
қайталанып келеді. Бұл ұяңдардан соң тек ұяңдар тұрады дейтін ‰ндестік заңға көрінеу (
ғл тіркесі)
қайшы екенін ұқпай келеміз, байырғы тіркестердің қатарында қарайтынымыз да бар.
Заңды елемеудің,
елемегендерге еліктеудің, жөн-жосыққа илікпеудің салдарынан ғасырлар
бойы дамудың нәтижесінде қалыптасқан дыбыстар тіркесіне зор нұқсан келіп, айтуды да к‰йретіп
бара жатқаны айқын.
Тілдің тазалығын сақтап, айту, жазудың дұрыс, бұрысын парықтап, зерделеу ‰шін тіліміздегі
дыбыстардың тіркесімін білудің маңызы зор.
Қазақ тіліндегі негізгі ‰ндестік заңдар деп ж‰ргеніміздің‚ қазақ тілі фонетикасы жайында
айтылған пікір, тұжырымдардың бәрі осы дыбыстар тіркесінен бастау алатынын, соның негізінде
өрбитінін ескеру керек болады.