Жағыпарова Майра
11. -уыш, -уіш: өлшеуіш (измерительный прибор), түйреуіш
(брошь), бастауыш (начальный).
12. -ыр, -ір, -р, -ар, -ер: үңгір (пещера), шұңқыр (яма).
Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар:
1. -лы, -лі, -ды, -ді: таулы (горный), күшті (сильный).
2. -дай, дей, -тай, -тей: қардай (как снег), айнадай (как зеркало),
жібектей (как шелк).
3. -лық, -лік, - дық, -дік, -тық, -тік: журналистік (журналист-
ский), инженерлік (инженерный).
4. -сыз, -сіз: сусыз (безводный), бұлтсыз (безоблачный).
5. -қы, -кі, -ғы, -гі: жазғы (летний), қысқы (зимний).
Жұрнақтардың жалғану жолымен жасалған
туынды сөздер
Түбір сөздерге сөз тудырушы жұрнақтар жалғанғанда, жаңа
мағыналы сөздер жасалады. Мысалы: біл+ім, ал+ғыр, кес+пе,
сүз+бе, көр+ме, қаш+қын, тас+қын, өр+мек, ек+ін (егін), жең+іс,
қуан+ыш, ақ+та, көк+те.
Достарыңызбен бөлісу: |