Жағыпарова Майра 9-тапсырма. Мәтінді оқып мазмұндаңыз және толықты- рыңыз. «Егемен Қазақстан» газеті күнделікті нөмірінде шетел жаңа-
лықтарын міндетті түрде беріп отырады. Бұл ең басты қоғам-
дық-саяси газет болғандықтан, әлемде болып жатқан оқиғаларды
назардан тыс қалдырмайды. Идеология, саясат саласында және
мемлекет басшылары жайлы материалдарға мол орын беріледі.
Ондай материалдар мүмкіндігінше бірінші бетке орналастыры-
лады. Мұнда, әсіресе, дипломатиялық қарым-қатынастар туралы-
жиі айтылады. Президент пен Парламент төрағасы, Премьер-
министр кабинеті төрағасының шетелдерге ресми сапарлары
туралы тілшілер репортаждары, есептер және фотосуреттер басы-
лады. «Егемен Қазақстан» тиражы жағынан ең көп тарайтын газет.
Тіпті, оны шетелдегілер де алдырып тұрады. «Алматы ақшамы»
– бұл республикада таралатын газет. Негізінен әкімшілік орган-
дары, жаңалықтары туралы жазады. Сонымен бірге бұл газет те
шетел хабарларын үзбей береді. Ал «Жас Алаш» газеті жастарға
арналған. Яғни, жастар өмірі туралы қызғылықты материалдар
берумен бірге шетел өмірінен де назар аударарлық материалдар-
ды жариялайды. Бұлармен бірге Қазақстанда «Қазақстан-Заман»
деген халықаралық газет шығады. Ол Түркиямен бірлесіп шыға-
рылады. Осы екі елдің және басқа да елдердің өмірінен материал-
дар береді.