Кәсіби қазақ тілі 15-сабақ БАСПАСӨЗ ЖАНРЛАРЫ Баспасөз жанрларын, негізінен 3 топқа бөлуге болады.
Бірінші топ: ақпаратты (хабар, есеп, сұхбат, репортаж).
Екінші топ: талдамалы (мақала, рецензия, шолу, хат).
Үшінші топ: көркем-публицистикалық (суреттеме, очерк, пуб-
лицистика, эссе, баллада). Сондай-ақ, көркем-публицистикалық
жанрлардың сатиралық түрлері (фельетон, памфлет, мысал, эпи-
грамма, пародия, шарж т.б.) бар.
Баспасөз жанрлары белгілі бір оқиғаларды, құбылыстарды
нақты деректер мен мәліметтерге сүйене отырып баяндайды. Әр
жанрдың өзіне тән ерекшеліктері мен сипаты, әрі бәріне ортақ
белгілері бар.
Ақпаратты жанрлар: күнделікті оқиғаларды жедел түрде
хабарлап, жаңалықтарды оқырманға еш өзгертусіз жеткізуге ты-
рысады. Талдамалы жанрларға: оқиғаларды салыстыра зерттеу,
деректер мен мәліметтерді талдап, солардың төңірегінде ой қо-
рыту және бағалау тәсілі тән. Көркем-публицистикалық жанр- лар: типтік деректерді суреттеу әдісімен жазылады; әрқилы
әдеби тәсілдер (даралау, образ жасау, мінез-құлық қақтығысы,
оқиға шиеленісі, т.б.) арқылы әлдебір деректі құбылыстың ішкі
мән-мазмұны мен идеялық сипатын көркем-публицистикалық
деңгейде ашып көрсетеді.
Сатиралық жанрды екі салаға бөледі.
1) Сатираның поэзиялық жанрлары: мысал, пародия, сықақ,
өлең, шарж, карикатура.
2) Сатираның прозалық жанрлары: фельетон, памфлет, сати-
ралық әңгіме, юморлық әңгіме, сатиралық повесть, сатиралық
роман.