Кәсіби қазақ тілі 16-сабақ ХІХ-ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІ Қазақ баспасөзінің алғашқы өнімдері ХІХ ғасырдың екін-
ші жартысында жарық көрген «Түркістан уалаятының газеті»,
«Дала уалаятының газеті» сияқты басылымдар.
Алғашқы газет, журналдардың атауы, жылдары, редакторла-
ры және шыққан қалалары төмендегідей:
1. 1870-1882 жылдар аралығында Ташкент қаласында «Түр-
кістан уалаятының газеті» шыққан. Алғашқы редакторы Шах-
мардан Мирасұлы Ибрагимов болды.
2. 1888-1902 жылдар аралығында Омбы қаласында «Дала
уәлаятының газеті» шыққан. Алғашқы редакторлары Ешмұха-
мед Абылайханов пен Дінмұхамед Сұлтанғазиндер болды.
3. 1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласында «Айқап»
журналы шыққан. Алғашқы редакторы Мұхаметжан Сералин
болды.
4. 1913–1918 жылдар аралығында Орынбор қаласында «Қазақ»
газеті шыққан. Алғашқы редакторы Ахмет Байтұрсынұлы болды.
5. 1916 жылы Уфа қаласында «Садақ» журналы шыққан.
Алғашқы редакторлары Бейімбет Майлин мен Жиенғали Тілеп-
бергенов болды.
6. 1916 жылы Семей қаласында «Алаш» газеті шыққан.
Алғашқы редакторлары Көлбай Төгісов пен Мариям Төгісова
болды.
7. 1917–1918 жылдар аралығында Ташкент қаласында «Бір-
лік туы» газеті шыққан. Алғашқы редакторы Мұстафа Шоқай
болды.
8. 1918 жылы Семей қаласында «Абай» журналы шыққан.
Алғашқы редакторы Жүсіпбек Аймауытов болды.