Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет121/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   249
Байланысты:
Журналистика казак тил

Тәуелдік  жалғауы  заттың  біреуге  немесе  бір  нәрсеге  тәуелді 
(меншікті) екенін білдіреді. Тәуелденетін зат үш жақтың біріне мен-
шікті болып тұрады, сол себепті тәуелдік жалғауының үш жағы бар. 


121
Кәсіби қазақ тілі
Әр жақтың өзіне тән жалғаулары болады.
Жекеше түрі
І жақ 
ІІ жақ 
ІІ жақ 
ІІІ жақ 
-м, -ым, -ім
-ң, -ың, -ің
-ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз
-сы, -сі, -ы, -і
Көпше түрі
І жақ 
ІІ жақ 
ІІ жақ 
ІІІ жақ 
-мыз, -міз, -ымыз, -іміз
-тарың, -терің, -дарың, -дерің, -ларың, -лерің
-тарыңыз,  -теріңіз,  -дарыңыз,  -деріңіз,  -ларыңыз, 
-леріңіз
-сы, -сі, -ы, -і
Сөздердің  тәуелденуі  оңаша  тәуелдену  және  ортақ  тәуелдену 
болып екіге бөлінеді.
Бір немесе бірнеше заттың бір ғана затқа меншікті болуын біл-
діретін тәуелдену оңаша тәуелдену деп аталады. Басқаша айтқан-
да, заттың жекеше түрде тәуелденуі.
Бір  немесе  бірнеше  заттың  көп  затқа  меншікті  болуын  біл-
діретін тәуелдену ортақ тәуелдену деп аталады. Басқаша айтқан-
да, заттың көпше түрде тәуелденуі. 
Мысалы:
Оңаша 
тəуелдену:
Менің компьютер-ім, қалам-ым.
Сенің компьютер-ің. қалам-ың.
Сіздің компьютер-іңіз, қалам-ыңыз.
Оның компьютер, қалам-ы.
Ортақ 
тəуелдену:
Біздің компьютер-іміз, қалам-ымыз.
Сендердің компьютер-лерің, қалам-дарың.
Сіздердің компьютер-леріңіз, қалам-дарыңыз.
Олардың компьютер-і, қалам-ы.


122
Жағыпарова Майра
Сөздің жіктік жалғауларын қабылдауын жіктелу дейді. Жіктік 
жалғауы бастауыш пен баяндауышты байланыстырады. Сондықтан 
жіктік жалғаулы сөз әрқашан баяндауыш болады да, сөйлемді тия-
нақтап тұрады. Жіктік жалғауы негізінен етістікке жалғанады. Сон-
дай-ақ есім сөздерге де жалғана береді. Бірақ жіктік жалғауы кез 
келген есім сөзге жалғана бермейді, тек адамның кім екенін, қандай 
екенін білдіретін және кәсібін көрсететін есім сөзге жалғанады. 
Есім сөздің жіктелуі:
Жақ
Жекеше
Көпше
І
Мен тілшімін
Біз тілшіміз
ІІ
ІІ
Сен тілшісің
Сіз тілшісіз
Сендер тілшісіңдер
Сіздер тілшісіздер
ІІІ
Ол тілші
Олар тілшілер
Етістіктің жіктелуі:
Жақ
Жекеше
Көпше
І
Мен жазамын
Біз жазамыз
ІІ
Сен жазасың
Сіз жазасыз
Сендер жазасыңдар
Сіздер жазасыздар
ІІІ
Ол жазады
Олар жазады
Сөздердің септік жалғауларын қабылдауын септелу дейді. Зат 
есім жекеше және көпше түрде септеледі. 
Септік атаулары, сұрақтары және жалғаулары төмендегіше:
А.  Кім? Не?

І.  Кімнің? Ненің? 
-ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің
Б.  Кімге? Неге? 
Қайда? 
-а, -е, -қа, -ке, -ға, -ге, -на, -не
Т.  Кімді? Нені? 
-ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н
Ж.  Кімде? Неде? 
Қайда?
-да, -де, -та, -те, -нда, -нде
Ш.  Кімнен? Неден? 
-дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен
К. Кіммен? Немен? 
-мен, -бен, -пен, -менен, -бенен, -пенен


123


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет