Кәсіби қазақ тілі 20-сабақ ТЕЛЕВИЗИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Телевизияда ақпарат пен өнер бір-бірімен тығыз байланысты.
Телевизияның өзге ақпарат құралдарынан даралануының өзі оның
синтездік сипатында жатыр. Сондықтан телевизияны таза жур-
налистік туынды жасайтын БАҚ ретінде тану жеткіліксіз. Себебі,
эфирлік өнердің сипаттары телевизияның ішкі болмысында то-
лықтай сақталған. Көркем туындыны ұсыну формасы, қарым-қа-
тынастық тетіктері телевизияны өнер ретінде алға шығарды.
Телевизия хабарларын қаржыландыру көздері және меншік
түріне қарай: мемлекеттік, қоғамдық, коммерциялық деген үш
топқа бөлуге болады.
Телехабар өзінің қамтитын аумағына байланысты: ұлттық
деңгейдегі, жергілікті, қалалық-аудандық және коммюнити
(мүдделес топтардың) деп бөлінеді.
Формасына қарай: кабельдік, релелік, ғарыштық, яғни жасан-
ды серіктік деп жіктеледі.
Телехабар дайындап, жүргізетін телевизия журналистерінің
қызметтік ерекшеліктері сан-алуан. Тележурналистің сөзі ау-
диторияға ақпаратты тарататын белгілі бір тәсіл арқылы тасы-
малданып жеткізіледі. Ол телекөрермендердің психологиялық
жағдайымен де санасуға тиісті. Телевизия журналистикасы әр-
дайым уақыт пен кеңістіктің кедергілерін азайтудың, қысқар-
тудың жолдарын іздестіреді. Тележурналист жеткізіп отырған
ақпаратының шынайылығына өзі көз жеткізіп, соған толықтай
өзіде сенуге міндетті. Оны журналист әңгіме ауанымен, дауыс
ырғағымен немесе үнінің екпінімен алмастыра алмайды.
Телевизияда телередактор (продюсер), автор, телетілші, теле-
визия комментаторы, телешолушы, тележүргізуші қызметінің
маңызы зор.