Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет147/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   249
Байланысты:
Журналистика казак тил

Жағыпарова Майра
Өткен шақ. 
(Прошедшее время).
Өткен  шақ  –  қимылдың,  іс-әрекеттің  сөйлеп  тұрған  сәттен 
бұрын болып, істеліп кеткенін білдіреді. 
Мысалы: 
Кеше мақаланы бітірдім. Мен бұл кітапты оқыдым. Ол кезде 
сен  оннан  асқансың.  Шалдың  бір  баласы  болыпты.  Демалыста 
оқушылар қалаға баратын.
Берілген мысалдағы бітірді, оқыдым, асқансың, болыпты, ба-
ратын деген етістіктер бітіру, оқу, асу, болу, бару қимылдарының 
(іс-әрекеттерінің)  болып  кеткенін  білдіріп,  өткен  шақ  мағынасын 
беріп тұр.
Өткен шақтың түрлері (формы прошедшего времени).
Өткен шақ мағынасы мен жасалуына қарай: жедел өткен шақ, 
бұрынғы өткен шақ және ауыспалы өткен шақ болып үшке бөлі-
неді.
1. Жедел өткен шақ (недавно прошедшее время) – іс-қимылдың 
жуық арада болғанын білдіреді.
Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті жұрнағы 
жалғану арқылы жасалып, жіктеліп қолданылады. 
Мысалы: Асан домбыра тарт-ты, мен өлең айт-ты-м. Сен үйге 
келме-ді-ң.
Жақ
Жекеше
Көпше
І
Мен мақтады+м
(я хвалил)
Біз мақтады+қ
(мы хвалили)
ІІ
Сен мақтады+ң
(ты хвалил)
Сіз мақтады+ңыз
(Вы хвалили)
Сендер мақтады+ң+дар
(вы хвалили)
Сіздер мақтады+ңыз+дар
(Вы хвалили)
ІІІ
Ол мақтады
(он хвалил)
Олар мақтады 
(они хвалили)
Болымсыздық формасы: Мен мақта+ма+ды+м (я не хвалил).


153


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет