17
Кәсіби қазақ тілі
басымдық –
приоритетность
құндылықтар –
ценности
қауіпсіздік –
безопасность
өсім –
здесь:
развития
өңірлік –
региональное
тұжырымдама –
концепция
тұжырымдамалық –
концептуальное
бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ –
одна цель, один интерес, одно
будущее
даму басымдықтары –
приоритеты развития
Мəңгілік ел –
Вечный народ
уақыт сынынан өткен –
выдержавшие испытание
временем
Біріншіден, бұл –
Қазақстанның Тəуелсіздігі
жəне Астанасы –
Во-первых, это
Независимость
Казахстана и Астана
Екіншіден, бұл – қоғамымыз-
дағы ұлттық бірлік,
бейбітшілік пен келісім –
Во-вторых,
национальное
единство, мир и согласие в нашем
обществе
Үшіншіден, бұл – зайырлы
қоғам жəне жоғары
руханият –
В-третьих, это светское общество
и
высокая духовность
Төртіншіден, бұл –
индустрияландыру мен
инновацияларға негізделген
экономикалық өсім –
В-четвертых, экономический рост
на основе индустриализации и
инноваций
Бесіншіден, бұл – Жалпыға
Ортақ Еңбек Қоғамы –
В-пятых, это
Общество
Всеобщего Труда
Алтыншыдан, бұл –
тарихтың, мəдениет пен
тілдің ортақтығы –
В-шестых, общность истории,
культуры и языка
18
Жағыпарова Майра
Жетіншіден, бұл – еліміздің
қауіпсіздігі жəне бүкіл-
əлемдік, өңірлік мəселелерді
шешуге жаһандық тұрғыдан
қатысуы –
В-седьмых, это
национальная
безопасность и глобальное
участие нашей страны в
решении
общемировых и региональных
проблем
Осы қиындықтар арқасында
біз əрдайым
жеңіске
жеттік –
благодаря этим ценностям мы
всегда побеждали
елімізді нығайттық –
укрепляли нашу страну
ұлы жетістіктерімізді
еселедік –
множили
наши великие успехи
1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1.«Қазақстан 2050» жолдауы қашан жарияланды?
2. Бағдарламаның басты мақсаты қандай?
3. Елбасының 2014 жылы 17 қаңтарда халыққа жолдаған Жол-
дауының тақырыбы қалай аталады?
4. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 2014 жылы 17 қаңтардағы
Жолдауында «Мәңгілік Ел» идеясын ұсынды. Онда қандай құн-
дылықтар айтылған?
5. Елбасы «Еліміз «Мәңгілік Ел» болу үшін керек қандай басты
төрт факторды атап өтті?
2-тапсырма. Сөздікті пайдалана отырып, орыс тіліне ауда-
рыңыз.
Стратегия-2030 қабылданғаннан бері 15 жыл ішінде мемле-
кетіміз әлемдегі ең серпінді дамушы елдер бестігіне енді. «2050
жыл бұл тек жай ғана символикалық дата емес. Бұл бүкіл әлем бет-
бұрған нақты меже. Мәселен БҰҰ-да 2050 жылға дейінгі ғаламдық
өркениеттің дамуына қатысты болжам әзірленген. Дүниежүзілік
азық-түлік ұйымы да 2050 жылға дейінгі бағдарламасын әзірледі.
Қазір көптеген елдер осындай ұзақ мерзімді стратегияларын әзірлеу
үстінде». «Біздің ең басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемнің
ең дамыған 30 елінің қатарына кіру. Бізде ол үшін мүмкіншілік те,
ресурс та, білімді адамдар да, берекелі ұлт та бар», – деді Н.Назар-
баев.