№40 орта мектеп
Сынып сағатының тақырыбы:
«Ана - өмірдің шуағы»
Жол қозғалысының қауіпсіздігіне ауа-райының әсер етуі.
Сыныбы: 5 “Б”
Сынып жетекшісі: Сенадилова Ж.Р.
2022-2023 оқу жылы
№40 орта мектеп сынып сағаты Қысқа мерзімді сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: «Ана - өмірдің шуағы» Жол қозғалысының қауіпсіздігіне ауа-райының әсер етуі.
Тәрбие сағаты
|
«Ана - өмірдің шуағы»
|
Күні:
|
06.03.2023 ж
|
Сынып жетекші:
|
Сенадилова Жулдыз Рыскелдиновна
|
Сыныбы: 5 «Б»
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
«Ана - өмірдің шуағы»
Жол қозғалысының қауіпсіздігіне ауа-райының әсер етуі.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Оқушылардың анасына деген мейірімді ,махаббатты,құрметті үйрету;
Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау.
Жол қозғалысының қауіпсіздігіне ауа-райының әсерін айтып,үйрету.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары
|
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)
Сабақ басы (13 мин)
|
Ұйымдастыру.
Ана.
Өмірде ана-бұлақ, ана пана,
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана,
Ана- барлық адамның және бүкіл дүниенің тірегі. Ана баласын құрсағында көтеріп, оған өмір береді, өз өмірін де соған арнайды. Шырылдап жерге түскеннен – ақ әр нәрестенің ең жақыны- анасы. Сондықтан анаға деген махаббат құндақта жатқан күннен –ақ басталады. « Ана» сөзі де ыстық. Адамда не қасиет болса да, күннің көзі мен ананың сүтімен дарыған. Ана- барлық адамның және бүкіл дүниенің тірегі. Ана баласын құрсағында көтеріп, оған өмір береді, өз өмірін де соған арнайды. Шырылдап жерге түскеннен – ақ әр нәрестенің ең жақыны- анасы. Сондықтан анаға деген махаббат құндақта жатқан күннен –ақ басталады. « Ана» сөзі де ыстық. Адамда не қасиет болса да, күннің көзі мен ананың сүтімен дарыған.
Ал, балалар,құрметті асыл аналар мен әжелер ,аяулы ұстаздар мен қыздардың көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен келе жатыр.
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да ,
Тек анаңа жақынсың.
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін бердің ақ сүттің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың
Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар жанары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады
Туағаннан құлыным деп аймалаған
Өзіңдей қамқор адам қайда маған
Дүние аналармен көрікті ғой
Анасыз бұлбұл құста сайрамаған
Ана –өмір шырағы,
Ана- өмір бұлағы.
Бесігімнің жыр- әні,
Жүрегімде тұрады.
Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаршамасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
|
Оқушылар сәлемдеседі
Оқушылар аналар туралы айтып,әртүрлі өлең жолдарын айтады.
Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймыз, анашым.-днп оқушылар жылы лебіздерін айтады
Оқушылар жарыса ана туралы өлеңдерін кезекпен-кезек айтады
|
Слайд №1-2
Слайд № 4-6
|
|
Оқушылар «8-наурыз » мерекесі туралы видеоролик кореді.
Бейнеролик бойынша ерекше көңіл-куймен ортақ әңгімелесу.
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
|
https://youtu.be/vEdokOQzrM8
|
Ортасы (20 мин)
|
«Ерекше тілек» әдісімен әр оқушы өз анасына хат жазады. Тілектерін жазған соң,осы ән шумақтарын оқып береді
|
Келді тағы аналар мейрамы!!!
Қуантуға біздерді.
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді! деп оқушылар бір-бірін құттықтайды
|
Слайд №8
Слайд №9
|
Соңы
|
Оқушылар сынып сағаты барысында алған білімдері бойынша пікір білдіреді;
Мұғалім ҚБ бойынша оқушылардың жауаптарын бағалайды
Жарайсыңдар!
Керемет!
Тамаша!
|
презентация
|
Тексерілді..........
Достарыңызбен бөлісу: |