Кәсіби қазақ тілі Мейіржан Әлібекұлы (cұхбаттан үзінді) – Бірнеше жыл Ұлттық арнаның жаңа-
лықтар бөлімінде тележүргізуші бол-
дыңыз, былтырдан бастап «Apta.kz»
бағдарламасын жүргізіп келесіз. Бұл
бағдарламалардың жауапкершілігі өте
үлкен екені белгілі, басында қор-қыныш,
сенімсіздік болған шығар?
«Apta.kz» – ұлттық мүдде, ұлттық
идея. Өйткені, мемлекеттің саясатын жү-
зеге асырып отырған Ұлттық арнадағы
негізгі сараптамалық бағдарлама. Бас-
шылық тарапынан осы бағдарламаны
жүргізуге ұсыныс түскенде, әрине, қобалжу болды.
– Шетелдік арналарды қарасаңыз, эфирде немесе іс-сапар-
ларда жасы қырықтан асқан, ақыл-ойы толысқан журналистер
жүреді. Ал, біздің елде керісінше, эфирді, іс-сапарды жастарға
тапсырған. Мағжан Жұмабев айтқандай, жастарға сенгендіктен
бұл әрекетке барып отырмыз ба?
– Расымен, шетелдік арналарда самайын ақ шалған, бетін
әжім басқан үлкен кісілер жүргізіп жатады. Мен оған қызыға-
мын һәм қолдаймын. Қазақ журналистикасында үлкен аға буын-
дағы тележурналистер аз. Тілеуқабыл Мыңжасарұлы, Нұртілеу
Иманғалиұлы секілді бірен-саран журналистерді атай аламыз.
Дегенмен, жастарға сеніп, көп жауапкершілік артады.
– Журналист болмағанда кім болар едіңіз?
– Бала кезімде журналист болып, теледидардан сөйлесем,
футболист болып, «Қайратта» ойнасам деп армандаушы едім.
Бәлкім, тілші бола алмай қалған жағдайда, осы күні ұлттық
құрамада доп теуіп жүруім әбден мүмкін еді. (Күлді).
– Қазір эстрада, кино әртістері тележүргізуші болып жүр, ал
сіз киноға түсіп немесе өзіңізді эстрада сахнасында сынап көр-
гіңіз келмей ме?