Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі Облыс, аудан, мектеп (толық атауы) Ғылыми жоба тақырыбы: Мағжанның жастарға үндеуі «Мен жастарға сенемін»
Ғылыми жоба тақырыбы: Мағжанның жастарға үндеуі «Мен жастарға сенемін»
Бағыты: Автор: Жетекші:
2021-2022 оқу жылы Мазмұны:
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжанның жастарға үндеуі «Мен жастарға сенемін» Біз Мағжан сүйген жастармыз!
ІІІ. Қорытынды ІҮ. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Зерттеудің мақсаты: Алаш қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, артына өшпес мол мұра қалдырған қаламгер Мағжан Жұмабаевтың еңбектерімен тереңінен таныса отырып, поэзиясындағы «Мен жастарға сенемін» үндеуін зерттеп, танып-білу.
Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» үндеуін жан-жақты қарастыру және талдау;
Алынған нәтижелерге қорытынды жасау.
Күтілетін нәтиже:Ел алдындағы басты мұрат – тәуелсіздік алып келген ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпаққа насихаттау болмақ. Ел болашағы – өскелең ұрпақты елінің көркеюіне үлес қосар азаматы етіп, ұлт болашағын тәрбиелеудегі «Мен жастарға сенемін» өлеңінің қосар үлесі мен руханият таразысынан алар салмағын екшелеп, көңіл көзінен өткізіп, мейлінше жіті зерделеп, бүгінгі күнмен сабақтастырылған. «Мен жастарға сенемін» - ұлтжандылықтың ұраны және Ұлттық рух пен патриоттық тәлім-тәрбиенің қайнаркөзі.
Аннотация
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Жас ұрпақтың өз қоғамына пайдасы тиер жақсы мінездерді бойына жинаған азамат болып өсуіне бірден бір себепші құрал – әдебиет десек, әдебиетті жасаушы қауым – қаламгерлердің әр жазғаны жастарды жақсылыққа жетелеп, ізгі өмірге қанаттандырады. Мағжан ақын осы тұрғыдан алғанда, «Мен жастарға сенемін» өлеңі арқылы жастық жігерді жанып, халық жүрегіне үміт пен сенім шырақтарын жаға алды.