Дезинформация– жалған хабар арқылы жаңылыстыру.
Дискуссия – жиналыста немесе баспасөзде әлдебір мәселені
қызу талқылау.
Диджей – радиодағы музыкалық бағдарламалар жүргізушісі.
Диджей сөзі (подводка) – диджейдің әндер арасында айтатын
қысқа да нұсқа мәтіндері.
Дикция – сөзді, тілдегі буындарды түсінікті, нық айту деңгейі.
Директор – редакцияның техникамен қамтамасыз етілуіне, ти-
пографияға және газеттің таралуына жауап береді.
Журналист – бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты жұмыс
істейтін, арнаулы кәсіби мамандығы бар қызметкер.
Жүргізуші – ток-шоу, радиодағы тақырыптық бағдарламалар-
дағы «басты тұлға».