Кәсіби қазақ тілі Нәзира Бердалы Нәзира Бердалы тележурналист, ақын. Нәзира Бердалы 1980
жылы 5 шілдеде Жамбыл облысы Сарыкемер ауылында дүние-
ге келген. 2001 жылы ҚазҰУ-ін бітірген. Еңбек жолын «Қа-
зақстан» ұлттық телеарнасында редактор болып бастаған. «Таң-
шолпан» шығармалық бірлестігінің жетекшісі болып қызмет
еткен. Өлеңдері республикалық мерзімдік басылымдар бетінде,
бірнеше ұжымдық жинақтарда жарық көрген. Тұңғыш кітабы
«Жаңбырлы түн» (2001).
(Сұхбаттан үзінді) – «Нәзира Бердалы» деген ат үшін ақын-
дығыңа рахмет айтасың ба, әлде тележүр-
гізушілігіңе ме? Екі өнердің қайсысы таны-
малдылыққа көбірек қызмет етеді?
– Әрине, танымалдылық үшін тележүр-
гізушілік көбірек қызмет етеді. Кітапқа
қарағанда БАҚ танымалдылыққа ие екенін
мойындау керек. Күн сайын экраннан
көрініп, халықпен жүздесіп тұрғаннан кейін, адамдарға көзта-
ныс болып қаласың. Тележүргізушілік жеңіл танымалдылыққа
жетелейтін шығар. Кез келген адамды тележургізуші етіп бірне-
ше жыл экраннан сөйлетсе, кәсібилік туралы айтпағанда, мейлі
жақсы болсын, мейлі жаман болсын, ол танымал болып шығады.
– Әйел ретінде не нәрсеге қызығасың?
– Үйде гүл өсіргенді ұнатамын. Пәтерден пәтерге көшіп
жүрсем де, барған жерімде гүл өсіремін. Мүмкін, ол анамнан
дарыған қасиет шығар. Анам гүлді өте жақсы көреді. Еккен
гүлінің бәрі өседі. Әйел ретінде әшекей бұйымдарды жақсы
көремін. Үш-төрт қобдишам бар, біреуінде моншақ, біреуінде
сырға-сақина, біреуінде білезік дегендей, әшекейлер тұрады. Бұл
бір жағы, эфирге шыққаннан кейін әр киіміңе таңдап, үйлестіріп
тағуға тура келгендіктен туған дағды шығар.
– Сенің сөйлеу мәнеріңнен кітаппен дос екенің байқалады...