Ауызша сөйлеу агрессиясы – лингвистік конфликтологиясын-
дағы ауызша жағымсыз қарым-қатынас формасы. Тікелей біреуге
бағытталған жағымсыз эмоциялар мен сезімдердің ауызша сөздер-
мен айтылуы.
Бағдарламалар директоры – эфирдің әнмен және бағдарлама-
лармен толықтырылуына жауап беретін адам.
Бас редактор (редактор) – бұқаралық ақпарат құралының
редакциясын басқаратын және оны шығару мен таратуға, эфирге
шығаруға тиiсiнше өкiлеттiгi бар жеке тұлға.
Басылым иесі – бұл газетке қаражатын салған және одан пайда
табуды қалайтын адам. Ол үшін ол баспагерді жалдайды немесе өзі
баспагер қызметін атқарады.
Баспагер – бұл басылымның басқарушысы. Ол газеттің қыз-
метіне, ең бастысы негізгі кірісіне жауап береді.
Брошюра – шағын көлемдегі шығарма берілген, жұмсақ мұқа-
бамен шығатын жұқа кітап.
Блог – журналист үшін өзіндік «жазу кітапшасы» қызметін
атқарады. Оған ойларыңды, қызықтырған фактілер мен мақалалар-
ды орналастыруға болады.
Блогер – блогты жүргізетін адам.