235
Кәсіби қазақ тілі
ішкі-сыртқы жағдайлар туралы жауап беру үшін өткізілетін жина-
лыс.
Публикация – баспасөзде жалпыға арналып жарияланған ха-
бар, жазылған материал.
Публицист – қоғамдық-саяси мәселелер туралы қалам тартып
жүрген
журналист, қаламгер.
Публицистика – мерзімді басылымдарда саясат пен қоғамдық
өмір мәселелерінің жазылып, жариялануы. Журналистика саласы-
ның материалдары.
Пунктуация – тыныс белгілерін дұрыс қолдану туралы ереже.
Фельетон – қара сөзбен жазылған публицистикалық көркем
жанр. Сатира мен юмор элементтері пайдаланылады. Жазылу
стилінде образдылық байқалады. Нақты кемшіліктерді сынап, мі-
нейді. Деректерге сүйеніп, анықталған фактілерді арқау етеді.
Цензура – баспасөзде жарияланатын шығармаларға ерекше
бақылау жасау.
Цитата – ой-тұжырымды, пікірді дәлелдеп, дәйектеу үшін басқа
біреудің шығармасынан өзгертпестен үзінді сөздер келтіру.
Штамп – әбден жауыр болған, жиі қайталанатын сөздер мен сөз
тіркестері.
Эссе – публицистикалық сарындағы очеркке ұқсас шығарма.
Мысалы,
ғылыми эссе,
тарихи эссе, публицистикалық эссе т.б.
WEB-сайт – Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды
тұлғасының арнайы техникалық және бағдарламалық құралдардың
көмегімен дайындалған, меншік иесі жаппай тарату мақсатында
ақпарат беретін электронды өкілдік бет.
Livejournal.com – орыс тілді блог, SUP компаниясы қызмет
көрсетеді. Қазақстандағы юзерлерінің (пайдаланушылар) саны 6
мыңға жуық.
Liveinternet.ru (ЛиРУ) – LiveJournal.com желісінің ресейлік ба-
ламасы. Немесе оның жасөспірімдерге арналған нұсқасы деуге бо-
лады. Қазақстанда кем дегенде 4000-6000 адам пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: