Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі


Персонаж – әдебиет, өнер шығармаларындағы кейіпкерлер. Полиграфия



Pdf көрінісі
бет224/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   249
Персонаж – әдебиет, өнер шығармаларындағы кейіпкерлер.
Полиграфия – баспа өнімдерінің барлық түрін шығаратын өн-
діріс саласы.
Пресса мерзімді басылымдар, газеттер мен журналдар т.б.
Пресс-конференция – ақпараттық тұрғыда әңгімелесу үшін, сая-
си мәселелерді айту үшін мемлекеттік, саяси, қоғамдық қайраткер-
лердің  баспасөз  өкілдерімен  кездесуі.  Журналистер  сұрақтарына 


235
Кәсіби қазақ тілі
ішкі-сыртқы жағдайлар туралы жауап беру үшін өткізілетін жина-
лыс.
Публикация  –  баспасөзде  жалпыға  арналып  жарияланған  ха-
бар, жазылған материал.
Публицист – қоғамдық-саяси мәселелер туралы қалам тартып 
жүрген журналист, қаламгер.
Публицистика – мерзімді басылымдарда саясат пен қоғамдық 
өмір мәселелерінің жазылып, жариялануы. Журналистика саласы-
ның материалдары.
Пунктуация – тыныс белгілерін дұрыс қолдану туралы ереже.
Фельетон  –  қара  сөзбен  жазылған  публицистикалық  көркем 
жанр.  Сатира  мен  юмор  элементтері  пайдаланылады.  Жазылу 
стилінде образдылық байқалады. Нақты кемшіліктерді сынап, мі-
нейді. Деректерге сүйеніп, анықталған фактілерді арқау етеді. 
Цензура  –  баспасөзде  жарияланатын  шығармаларға  ерекше 
бақылау жасау.
Цитата – ой-тұжырымды, пікірді дәлелдеп, дәйектеу үшін басқа 
біреудің шығармасынан өзгертпестен үзінді сөздер келтіру.
Штамп – әбден жауыр болған, жиі қайталанатын сөздер мен сөз 
тіркестері.
Эссе  –  публицистикалық  сарындағы  очеркке  ұқсас  шығарма. 
Мысалы, ғылыми эссе, тарихи эссе, публицистикалық эссе т.б.
WEB-сайт  –  Қазақстан  Республикасының  жеке  немесе  заңды 
тұлғасының арнайы техникалық және бағдарламалық құралдардың 
көмегімен  дайындалған,  меншік  иесі  жаппай  тарату  мақсатында 
ақпарат беретін электронды өкілдік бет.
Livejournal.com  –  орыс  тілді  блог,  SUP  компаниясы  қызмет 
көрсетеді.  Қазақстандағы  юзерлерінің  (пайдаланушылар)  саны  6 
мыңға жуық.
Liveinternet.ru (ЛиРУ) – LiveJournal.com желісінің ресейлік ба-
ламасы. Немесе оның жасөспірімдерге арналған нұсқасы деуге бо-
лады. Қазақстанда кем дегенде 4000-6000 адам пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет