|
Байланысты: Журналистика казак тилКәсіби қазақ тілі
6-сабақ
ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Журналистиканы пайдаланылған технологиялар мен құрылғы-
ларына қарай келесідей түрлерге:
1) газеттік-журналдық журналистика,
2) тележурналистика,
3) радиожурналистика,
4) интернет-журналистика,
5) фотожурналистика т.б. бөледі.
Журналистика жанрлары
Зерттеуші Лев Кройчик журналистика жанрларын былай
бөледі:
Оперативті-ақпаратты – жазбалардың барлық түрі.
Оперативті-зерттеушілік – отчёт (есеп беру), репортаж, ин-
тервью (сұхбат).
Зерттеушілік-ақпаратты – рецензия, корреспонденция, ком-
ментарий.
Зерттеушілік – мақала, хат.
Зерттеушілік-бейнелеу – фельетон, эссе.
Ал Семен Гуревич басқаша көзқараспен былай бөлген:
1) ақпараттық жаңалықтар жанры, 2) диалогты жанр, 3) ситуа-
циялық-аналитикалық жанр, 4) эпистолярлық жанр, 5) көркем
публицистикалық жанр, 6) сатиралық жанр.
Ал көптеген журналистер мен зерттеушілер жанрларды дәстүр-
лі түрде былай бөледі:
Ақпараттық – хроника, ақпарат, заметка (жазба белгі), ин-
тервью (сұхбат), отчёт (есеп беру), репортаж т.б;
Аналитикалық – корреспонденция, комментарий (түсінік),
мақала, хат, рецензия, эксперимент, рейтинг, обзор (шолу), мему-
арлар т.б;
Көркем публицистикалық – эссе, очерк, фельетон, памфлет,
некролог (қазанама) т.б;
Шоу-жанр – ток-шоу, реалити-шоу, ойындар, байқаулар т.б.
|
|
|