Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет43/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   249
Кәсіби қазақ тілі
6-сабақ
ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Журналистиканы пайдаланылған технологиялар мен құрылғы-
ларына қарай келесідей түрлерге: 
1) газеттік-журналдық журналистика
2) тележурналистика
3) радиожурналистика, 
4) интернет-журналистика
5) фотожурналистика т.б. бөледі.
Журналистика жанрлары
Зерттеуші  Лев  Кройчик  журналистика  жанрларын  былай 
бөледі:
 
Оперативті-ақпаратты – жазбалардың барлық түрі.
 
Оперативті-зерттеушілік – отчёт (есеп беру), репортаж, ин-
тервью (сұхбат).
 
Зерттеушілік-ақпаратты  –  рецензия,  корреспонденция,  ком-
ментарий.
 
Зерттеушілік – мақала, хат.
 
Зерттеушілік-бейнелеу – фельетон, эссе.
Ал Семен Гуревич басқаша көзқараспен былай бөлген:
1) ақпараттық жаңалықтар жанры, 2) диалогты жанр, 3) ситуа-
циялық-аналитикалық  жанр,  4)  эпистолярлық  жанр,  5)  көркем 
публицистикалық жанр, 6) сатиралық жанр.
Ал көптеген журналистер мен зерттеушілер жанрларды дәстүр-
лі түрде былай бөледі:
 
Ақпараттық – хроника, ақпарат, заметка (жазба белгі), ин-
тервью (сұхбат), отчёт (есеп беру), репортаж т.б;
 
Аналитикалық – корреспонденция, комментарий (түсінік), 
мақала, хат, рецензия, эксперимент, рейтинг, обзор (шолу), мему-
арлар т.б;
 
Көркем публицистикалық – эссе, очерк, фельетон, памфлет, 
некролог (қазанама) т.б;
 
Шоу-жанр – ток-шоу, реалити-шоу, ойындар, байқаулар т.б.


44


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет