Жағыпарова Майра Тұрақты сөз тіркестері. (Фразеологизмы)
Тұрақты сөз тіркестері – екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі
арқылы бір ғана мағына білдіретін сөз тіркестері.
Фразеологизмге тән мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сөз-
дердің жеке мағыналарына үнемі сәйкес келе бермейді, сыңарлары
тұтасып барып, бір ғана мағынаны білдіреді.
Мысалы: «тас бауыр» деген тұрақты тіркестің мағынасы – мейі- рімсіз болса, «су жүрек» деген тіркестің мағынасы – қорқақ.
Тұрақты тіркесті құрайтын сөздер бұрыннан қалыптасқан жүйе-
мен айтылады. Олардың сыңарларының орнын ауыстыруға немесе
басқа сөзбен алмастыруға келмейді.
Мысалы: «тайға таңба басқандай» дегенді «жылқыға таңба
басқандай» деп бір сөзін алмастырып айтуға болмайды.
Фразеологизмдер сөздің көркемдік мәнерін арттырады.
1) М: Бұл жарыста қазақстандықтардың бағы жанды. «Бағы жану» деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасы – жолы болу, та-
бысқа жету.
2) М: Осы жолы ол қарсыласынан тізе бүгуге мәжбүр болды. «Тізе бүгу» деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасы – жеңілу.
3) М: Біздің команда жеңгенде, төбеміз көкке жетті. «Төбесі көкке жету» деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасы – қатты қуану.
4) М: Олар соңғы минутта жеңіліп, санын соғып қалды. «Санын соғу» деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасы – өкіну.
4-тапсырма. Жаттап алыңыз, жағдаят құрыңыз.
ақ сөйле – говори правду;
арзан қол – дешевый;
аталы сөз – слово-назидание;
атам заманнан – издавна;
аты жер жару – стать очень знаменитым;
ауызы ауыр – неразговорчивый;
аузы берік – держать язык за зубами;
аузына қарату – завоевать, всеобщее уважение;
аузыңа май, астыңа тай – да сбудутся твои слова;