Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет47/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   249
Байланысты:
Журналистика казак тил

Кәсіби қазақ тілі
Кірме сөздер
(Заимствованные слова)
Басқа тілден енген сөздерді кірме сөздер дейміз. Өз тарихында 
қазақ халқы көптеген елдермен қарым-қатынас жасап, араласқаны 
мәлім. Соның нәтижесінде араб, парсы, моңғол, орыс тілдерінен 
қазақ  тіліне  көптеген  сөздер  енген.  Керісінше,  басқа  тілдерге  де
қазақ тілінен көптеген сөздер енген. Мысалы, араб және парсы тілі-
нен енген әлем, ғылым, қоғам, мектеп, тарих, әдебиет, мәдениет, 
емтихан т.б. сөздер бар.
Моңғол  тілінен  ел  билеуге  байланысты  ұлыс,  нөкер,  жасақ,
аймақ, жарлық сөздері, жер-су атауларына қатысты Тарбағатай, 
Нарынқол, Нұра, Баянауыл, Зайсан, Қордай т.б. атаулар кірген.
Жер-су  атауларының  шығу  тарихын  зерттейтін  ғалымдардың 
пікірінше  Тарбағатай  моңғолдың  «тарбаған»  (суыр)  деген  сөзінен 
шыққан, «тай» тау деген сөз. Яғни, Тарбағатай тауының мағынасы
«суырлы  тау»,  ал  Алтай  «заңғар  тау,  алып  тау»  деген  сөзден 
шыққан дейді. 
«Зайсан»  көлінің  атауы  –  аштыққа  ұшыраған  көптеген  адам-
дардың өмірін тайдай тулаған балығымен сақтап қалуымен бай-
ланыстырады. Сонда Зайсанның қазақша аудармасы «игі, игілік, 
мейірман» деген мағынаны білдіреді.
Ал орыс тілінен енген сөздер: 
а)  Қазан  төңкерісіне  дейін  енген  сөздер  –  болыс,  сот,  жәшік,
кереует, бөтелке, кәмпит, сөмке, тәрелке, т.б. 
ә)  Кеңестік  дәуірде  кірген  кейбір  термин  сөздер  өзгеріссіз
қалпында қолданылады – телефон, телеграф, автомобиль т.б.
Латын тілінен: лекция, республика, министр, операция.
Неміс тілінен: штраф, офицер, орден, штурм, рота, кран.
Француз тілінен: жюри, батальон, дуэль, гарнизон.
Ағылшын тілінен: чемпион, бокс, вагон, вокзал, митинг.
Соңғы жылдарда кірме сөздердің біразы қазақшаға аударылған. 
Мысалы: самолет – ұшақ, вертолет – тікұшақ, коллектив – ұжым, 
герб – елтаңба, гимн – әнұран.
«Жәрмеңке» неміс сөзі. Jahr – «жыл» және Markt – «сауда» деген 
сөз. Немістер жылына бір рет арнайы жерде ұлы жиын сауда ұй-
ымдастырып, оны JahrMarkt деп атаған. Немістен бұл сөз поляк тілі


48


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет