51
Кәсіби қазақ тілі
7-сабақ
ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Журналистикасыз қазіргі қоғам өмірін көзге елестету мүм-
кін емес. Журналистика XVI ғасырда адамдардың бір-бірімен
жазбаша хабар алмасу құралы ретінде пайда болған. Ал, оның
ауызша түрде хабар жеткізу түрлері ерте кезден басталған.
Сол уақыттардан бері журналистика даму, қалыптасу жолда-
рынан өтті.
Журналистика – барлық уақытта қоғам өміріне араласа ала-
ды және баға берумен, қорытындылар жасаумен, ұсыныстар
айтумен қоса, ол адамдарды тәрбиелейді. Журналистика тек
қана хабарларды берумен шектеліп қалмай, ол сонымен бірге
насихаттық рөл де атқарады. Журналистика – халық мүддесі-
не
қызмет ететін, соның қажеттіліктерін қарастыратын сала.
Журналистика адам санасын көтеруге, рухани әлемді байы-
туға, себепкер болады. Журналистика бұқаралық ақпарат
құралдары болып саналатын баспасөз, радио, телевидение, ин-
тернет арқылы қызмет етеді. Бұқаралық ақпарат құралдарын
қысқартып БАҚ деп те атайды. Баспасөз, радио, телевидение-
нің негізгі міндеті – жалпы ақпаратты жинап, өңдеп, халыққа
ұсына отырып, қоғамға жат әрекеттерден сақтандыру.
Журналистика – баспасөз, радио, телевидение сияқты әр
алуан мекемелердің басын құрайтын ерекше әлеуметтік инс-
титут болып табылады. Ол – БАҚ пайдаланатын ақпаратты
тарататын және олардың түрлерін қалыптастыратын арна-
лардың біртұтас жиынтығы. БАҚ проблемаларын зерттейтін
ғылым саласы да журналистикаға жатады.