8-сабақ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ БАҚ туралы заңда: бұқаралық ақпарат құралы – мерзімді
баспасөз басылымы, радио жəне теледидар бағдарламасы, ки-
ноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы жəне көпшілік қол жеткі-
зе алатын телекоммуникациялық желілердегі (интернет жəне
басқалары) WEB-сайттарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат
құралдары мерзімді немесе үздіксіз жария таратудың басқа да
нысаны делінген.
Қазақстанда мерзімдік басылымдар: орыс, қазақ жəне
орысша-қазақша (яғни аралас тілде) шығады.
Қазақстанда мемлекеттік жəне жекеменшік арналар жұ-
мыс істейді. Олар: «Хабар», «Қазақстан-1», «Ел арна», «Асыл
арна», «Таң», «31 канал», «Алматы», «Астана», «КТК»,
«НТК», «Еуразия – бiрiншi арна», «7 канал» т.б.
Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі
зор. БАҚ қоғамдағы ерекше құрал ретінде бағаланып «төртін-
ші билік» деп аталынуда.
«Төртінші билік» деген терминді журналистика саласына
алғаш 1776 жылы атақты саясаткер, публицист Э.Берк əкелген
екен. 1840 жылы француз жазушысы О. де Бальзак баспасөзді
«төртінші билік» деп атаған. Бірінші билік – Президент, екін-
ші билік – Парламент, үшінші билік – Үкімет, төртінші билік –
Бұқаралық ақпарат құралдары. Олардың əрқайсысының тең-
дессіз өз орны бар. Олар бір-бірімен байланысты.
БАҚ – əділдік пен шыншылдықтың жақтаушысы ретінде
қабылданады. Сондықтан БАҚ – төртінші билік қана емес, бас-
ты қажеттілік!